Үлкен ғалым, Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бұрынғы ректоры, Жамбыл Ақылбаевті еске алуға арналған аймақтық ғылыми-практикалық конференция аталмыш білім ордасында өтті

14:41, 7 желтоқсан 2017

Оған белгілі қазақстандық ғалымдар, сондай-ақ, Жамбыл Сәулебекұлының әріптестері мен жолдас-жоралары және туған-туыстары қатысты

Көрнекті ғалым, Жамбыл Ақылбаев, 1991 жылдан 2004 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болып қызмет атқарды. Оның білім және ғылым саласына қосқан сүбелі үлесі үкімет және министрлік тарапынан өз бағасын алды.Халықаралық жоғары білім академиясының академигі Жамбыл Сәулебекұлы оқу орнын басқара жүріп, ғылым саласын дамытуға да баса көңіл бөлді. Ол, аталған оқу орнында студенттік рейтингтік жүйені алғашқылардың бірі болып еңгізді. Марқұм, Жамбыл Ақылбаевтің ұйтқы болуы мен Қарағанды мемлекеттік университеті Еуразиялық жоғары оқу орындарының қауымдастығына қабылданды.

Бекболат НҮСІПБЕКОВ     ҚарМУ-дың  факультет деканы

Ол біздің университет үшін көп нәрсені жасады және оның қызметтерін елемеуге болмайды, мысалы, Физика кафедрасының ашылуына үлкен күш жұмсады.Бұған дейін Университетте тек 4 кафедра болған,  1982 жылы ол кісі осы бөлімнің меңгерушісі болды, Университетте оның басшылығы мен талай өзгерістер болды.

Жамбыл Ақылбаевтің өмір жолы жайлы аймақтық  ғылыми-практикалық конференцияда жан-жақты айтылды.Қатысушы ғалымдар, әріптестері мен жолдас-жоралары және туыстары ол туралы  естеліктерімен бөлісті. Конференция барысында ғалымдар баяндамалар жасап, «Ұстаз, жетеші, ғалым» атты деректі фильмді тамашалады. 

 Арыстан  ИБАТОЛЛА   ҚарМТУ-дың профессоры

Ол өте ақылды адам болды, келелі кеңес беретін.Өз жұмысын жақсы меңгерді. Дамыған елдердің тәжірибесін тиімді қолдана білетін. 

Жамбыл Ақылбаевтың ерен, еңбегі өз бағасын алды.  Оның омырауындағы «Еңбектегі жетістіктері үшін», «Қазақстанның тәуелсіздігіне-10 жыл» мерейтойлық медальдары мен «Парасат» ордені өмірдегі қол жеткізген жетістіктерінің айғағы.Сонымен қатар Ақылбаев «Білім берудің Құрметті қызметкері», «Қарағанды ​​қаласының Құрметті азаматы» -деген атақтарға ие болды.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар