ҰЛАН -ҰЛТ ҚОРҒАНЫ

15:56, 12 сәуір 2019

Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының шенді офицерлері шеберлік байқасты. Оған еліміздің облыстарынан рота мен батальон командирлері және әскери бөлімдердің офицерлері қатысты. Сұр мергендер әртүрлі қарудан оқты нысанаға дөп тигізу бойынша қарым қабілеттерін ортаға салды. Әскери техникалар табандылығы да сыналды

Қарабас оқу жаттығу орталығындағы   атыс алаңында 2  күн бойы зеңбіректердің дүрсілі мен тегеурінді техниканың дүбірі тыншымайды. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы 20- ға тарта шенді офицерлер келген. Жаттығуда жауынгерлер өз білімдерін тәжірибе жүзінде сынап көрді.

Жаттығу барысында әр сарбаз макаров тапаншасы, калашник автоматы,  снайпер вентовкасы тәрізді қарулардан емтихан тапсырды.  Әнуарбек Нұрмұхамбетов 65-05 әскери бөлімінің  батальон командирі. Жаттығу талабына сәйкес 250-350 метр қашықтықтан атқан оғы нысанаға дәл тию керек. 18 жасынан қолына қару алған әскери қызметкер алғашқы мүмкіндіктің өзін  мүлт жібермеді.

Әнуарбек НҰРМҰХАМБЕТОВ, 65-05 әскери бөлімінің  батальон командирі:

-Оқу-жаттығу жұмысы оз деңгейінде әркім біліктілігін арттыруға ұйымдастырлған шара. Бірақ құдай сақтасын соғыс барысында немесе басқада жағдайларда мен мынанын атам мынаны ата  алмаймын жүрмейді ғой. Сондықтан өзіміздің қарамағымыздағы қарулармен әр офицер жұмыс жасай білу керек.

Жаттығу барысында әскери техникалармен жүру ережелері де назарға алынды. Түнде және күндіз өткізілген тактикалық тапсырмалардың орындалуына  «Орталық» өңірлік қолбасшылығы бақылап, бағаларын берді.

Нұрбол МЕРТАЕВ, Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшы орынбасары:

-Өте жақсы деген бағаға әлі жете алмайды. Мынау тәжірбиелері әлі шыңдау шегіне жеткен жоқ. Жаңадан тағайындалған жас батальон командирлері бар. Оларды әлі шынықтыру керек.  Шынықтыру керек. Қазіргі ату жаттығңу жұмыстарын орындауда жақсы деген баға қойып жатырмыз. Алған бағалары сондай.

Ұлттық ұланның «Орталық» өңірдік қолбасшылығы биылрота, батальон командирлерімен, лауазымды офицерлердің дайындық жылы деп бегіткен. Сондықтан мұндай оқу-жаттығу шараларына ерекше мән беріліп отыр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар