ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІ КЕЗДЕСТІ

17:35, 18 сәуір 2019

Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкімет тобы бүгін Абай ауданына да арнайы барды. Іс-сапар барысында жергілікті халықпен тілдескен олар тұрғындар сауалдарына жауап беріп, мемлекеттік бағдарламалар туралы айтты. Келелі кездесу жайы келесі сюжетте

Жұмыс тобының негізгі мақсаты -Елбасы айтқан бағдарламалар бағытын ұғындыру. Оның ішінде көп балалы аналар, аз қамтылған отбасыларға басымдық берілетіні белгілі. Қарағанды облысында тек биылдың өзінде 300-ге тарта көп балалы отбасы баспаналы болады.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлінді. 234 отбасы Республика бюджеті есебінен баспаналы болады. Оғанда 2,7 млрд теңге ақша бөлінген.

Бүгінгі күні облыста мемлекет тарапынан көмек қажет ететін 130 мың тұрғын бар. Сондықтан жергілікті билік жергілікті бюджет есебін есептеуде. Мақсат қол ұшын созып, қамқорлық көрсету. Нәтижесінде мемлекет тарапынан жасалатын қолдау есебі 1,5 есеге көбейіп, 12 млрд теңгені құраған.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-Жана а́леуметтік шаралар жаңа бағдарлама бойынша 2/3 трлн теңге жақын жылға бөлінді. Ол сәуірден бастап жүзеге асады.

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Ең төменгі айлық алатын білім, денсаулық, әлеуметтік сала мамандары айлығы 15 тен 30 пайызға көтеріледі. Оған қоса сантехник,плотниктер айлығы өседі.

Бюджеттік сала мамандарының да айлығы 30 пайызға өседі. Мысалға қазіргі айлық 71 мың теңге болса, 1-ші маусымда 92 мың теңге алады деген сөз. Мұғалімдер мен денсаулық сақтау саласының мамандарыда  бұл шарапаттан тыс қалмауы тиіс. Айтпақшы білім министрі ата-анаға уайым болған 3 тілділік мәселесіне нақты жауап берді.

Күләш ШӘМШИДИНОВА, ҚР Білім және ғылым министрі:

-3 тілдік мәселелері бойынша БжҒ министрлігі асығыстықты тоқтатып, 10-11- ші сыныпқа жеткенде оқыту мәселелерін қолға алып жатыр.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-1-ші маусымнан бастап 2000 ақ халатты жанның айлығы көтеріледі. Оның ішінде мейр бике, санитарлар бар. Дәрігерлер де шет қалмайды.

Кездесуде тұрғындар көкейкесті сауалдарын басшыларға қойып, жауаптарын алды. Ал, билік өкілдері реті келсе әр тұрғынға жеке-жеке жауап беруге тырысты.  Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектер мәселесі де бар.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар