ҮЙСІЗДІҢ КҮЙІ

16:11, 6 ақпан 2019

Облыс аумағындағы қатты аяз кезінде үйсіздердің күйі не болмақ? Әдетте вокзал жағалап, сауда үйлері маңында қайыр тілеп отыратын жандар қайда кетті? Әлеуметтің әлсіз тобына жататын бұл азаматтарға әдетте көпшілік бей-жай қарай алмайтыны белгілі

Бұл мейрамхананың ас мәзірі емес, қарапайым оңалту орталығының тағамдар тізімі. Тамақ, салат, сорпа-суы, тіпті жеміс-жидегі де бар. Жатар орында да мін жоқ. Көрпе жастық апта сайын ауыстырылады. Тұрғылықты мекенжайы жоқ жандар кітап оқып, дойбы ойнап күн өткізеді.  Понтелей Джуха 20 жылға жуық ішкі әскер сапында қызмет еткен. Алайда арақ басына азап болып тиеді. Алдымен отбасынан, онан соң екі аяғынан айырылды. Енді міне осы жерде мекендеуге мәжбүр.

Понтелей ДЖУХА:

- 93- ші жылдан бастап ішкі әскерде қызмет еттім. Кейін осы жағдайға түсіп кеттім. Қазір құжаттарым жөнделді, енді Приозерсктегі бірге тұрған әйелімнің үйіне барғым келеді. Ал, бірінші әйеліммен балам Ресейде тұрады.

Мекеме негізінен 50 орынға шақталған. Бірақ, үскірік аязды күндері келушілер саны күрт артқан. Дәрігерлер, полицейлер одан қала берді орталықтың өз мобильді тобы бар, осы санаттағы жандардың қаңғып жүргенін байқаса бірден осында әкеп орнықтырады. Көбіне бұл жерде жасалған жағдай ұнағанымен, ішімдікті көксегендер жылы орынды тастап қашып кетеді.

Нина ЩЕРБАКОВА:

- Менің келгеніме көп болған жок, бірақ бізге жақсы қарайды. Жағдайымыз жақсы. Тек құжаттарымды жоғалтып алдым сондықтан жатырмын осында. 30 жыл мұғалім болып қызмет еткем. Енді құжаттар дайын болса, дұрыс өмір сүрем деп үміттенемін.

Орталықта әлеуметтік қызметкерлер, психолог, сондай-ақ күзетшілер сағат сайын бақылап жүреді. Мұнда жату мерзімі бар. Әкімшілік келушілердің құжатын рәсімдеп, тіпті тәп-тәуір жұмыс та тауып беруге ықпалдасады.

Нұржан СЫЗДЫҚОВ, Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіру мекемесінің басшысы:

-Бас бостандығынан айырылған адамдар бар, соларға жұмысқа тұрғызуға, құжатын дайындауға көмектесеміз. Мұнда көбі ішімдікке салынған адамдар

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ:

2011-ші жылы осы орталыққа 1 жыл ішінде 160-қа жуық адам келсе, өткен жылы бұл сан 260-қа жетіпті. Үйсіз-күйсіздердің санының артуы көпшілікті алаңдатып отырғаны да белгілі. Алайда, ұшарын жел, қонарын сай білетіндер өз өмірін өзгеруге ниеттене бермейтін көрінеді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
17:15, 19 сәуір 2019
ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар