ҮЙДЕ ОҚШАУЛАУ ЕРЕЖЕСІ

17:05, 20 наурыз 2020

Коронавирустық инфекцияны болдырмаудың жалғыз әдісі – ол үйде оқшаулану. Бұл - аталмыш дерттің пайда болуы мен таралуын болдырмаудың басты жолы

Әрбір азамат - үйдегі карантин ережесіне аса мән бергені жөн. Тек, өте қажет жағдайда ғана үйден шығыңыз.  Вирустың таралуын болдырмас үшін, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір реттік орамалмен немесе білектің ішкі қарымен жабыңыз. Қолыңызды дереу сабындап жуыңыз немесе спиртті антисептикті пайдаланыңыз.  Егер жоғары температура немесе тыныс алу жолдарының ауыру белгілері байқалса, қандай да бір медициналық мәселе туындаса,  дереу 103 нөміріне қоңырау шалыңыз. Естеріңізге сала кетейік, 1 А санатындағы - Франция, Иран, Италия, Испания және Германия елдерінен келген азаматтар тәулік бойғы бақылауға алынып,  міндетті түрде карантинге жатқызылады.

Екатерина ЛАВРОВИЧ, жалпы тәжірибе дәрігері:

- Үйде оқшаулану- ауруды болдырмау, таралуға тосқауыл қоюдың басты тетігі. Қазіргі сәтте оқшаулау ережесін елеп, ескеретін уақыт болып отыр. Қарапайым емлені сақтаған абзал.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар