ТЫЛДА ШЫҢДАЛҒАН КЕЙУАНА

13:49, 13 мамыр 2019

Балқаш қаласының тұрғыны, тыл ардагері Қарлығаш Жексембаева 90 жылдық мерейтойын атап өтті.Соғыс басталған жылдары ол небәрі 10 жаста болатын.Сол бір сұрапыл соғыс жылдарында үлкендер мен бірге егіс даласында жұмыс істеп, майдангерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге үлес қосты

Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жылдары Қарлығаш Жексембаева 10 жаста ғана болатын.Ол, сол бір сұрапыл зұлмат жылдарды күйзеліспен еске алып,егіс даласында жастармен қоса, үлкендердің де жұмыс істегенін айтып берді.Ол, жерді өндеуге  көмектесіп,жұмыскерлерге тағам мен ауыз су тасымалдағанын да айтты.1948 жылы әскери ұшқышқа тұрмысқа шықты.Оның жолдасы бейбіт күндерде   бірнеше орден медальдармен марапатталды.Жарасымды жұп, 12 баланы дүниеге әкелді.Қазір, бақытты жан 35 немере мен 37 шөбере сүйіп отыр.

Қарлығаш ЖЕКСЕМБАЕВА, тыл ардагері:

-Біз көп жұмыс істедік.Егіс алқабьында болып,жер жырттық.Ол жылдары бәрі де,қолынан келгенше көмек-қолдау көрсетті.Жиған-терген өнімдерін солдаттарға жіберді.

Қазір, соғыс ардагерінің жесірі,  «ардақты ана»Қарлығаш Жексембаева 90 жасқа толып отыр.Оны осы мерейлі жасымен Балқаш қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен қала әкімі және мәслихат хатшысы арнайы барып құттықтады.Оған бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...