ТҰЗДЫ ЕМНІҢ ПАЙДАСЫ

16:32, 19 наурыз 2020

Тұзды ем қабылдау - адамдарды суық тиюден сақтайды. Бұл, теміртаулық кәсіпкердің жеке пікірі.Осы жолы ол, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы акция ұйымдастырып,оларға тегін қызмет көрсетті

Тұзды емін қабылдау шаршап-шалдыққанды басады дейді,-мамандар. Бұл суық тиіп, шаншу қадалғандарға таптырмас, мүмкіндік екен. Мұндағы едендер мен қабырғалар тұз қосындыларымен көмкерілген.Бұл өз кезегінде анти-бактериялық және аллергиялық орта қалыптастыратын көрінеді.Тұзды бөлмеде кез-келген адам 40 минөттен артық болмауы қажет дейді-кәсіпкер. 

Нина ПОПОВА, «Ангел мой» қоғамдық бірлестік төрайымы:

- Бізге осында келуге кеңес берді. «Тұзды ұраға» келдік.Осында екінші рет келуіміз. Бүгін оншақты бала шақырылды.Осында келіп, ем қабылдаған соң олар ауырмай қайта шынығатын болады.    

Бұл Нүрия Әбілдинованың екінші тұзды бөлмесі. Оған балалар мен үлкендер келеді екен.Осы жолы кәсіп иесі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін Акция ұйымдастырды. 

Жанна Бәкенова балаларымен осында екінші рет келген.Нәзік жандының айтуынша ем қабылдағалы  бері, балаларының денсаулығы едәуір жақсара түскен. 

Жанна БӘКЕНОВА, бірінші топтағы мүгедек: 

-Менің ұлым жиі ауырады.Оған осындай ем алу жақсы көмектеседі.Олардың тыныс алулары жақсара түсті.Екі аптадан бері олар, ауырған жоқ.Осыны ұйымдастырушыларға рахмет айтамын.

Тұзды бөлмеде ем қабылдау тыныс жолдары ауыратын адамдарға пайдасы зор.Ұйқысы бұзылып, жүйкесі сыр бергендер үшін де тиімді дейді,- ем қабылдаушылар. Сондай-ақ, тері ауруы мен  ауыратындарға да тигізер пайдасы бар көрінеді.  

Нүрия ӘБІЛДИНОВА, кәсіпкер:

-Тұз бұл, табиғи өнім. Ол адам организімін тазартып,қан айналымын жасқсартады. Жалпы имунитетті көтереді.  

Бір айта кетерлігі,осындай қайырымдылық шараларын өткізу мүмкіндігі шектеулі балалар үшін тиімді дейді,- теміртаулық  кәсіпкер.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар