ТҮРКИЯ САХНАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

15:25, 15 мамыр 2018

Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі Түркия елінде гастролдік сапармен болды

Оркестр Газиантеп Опера және балеттің I халықаралық фестиваліне қатысып, шетелдік көрерменді тәнтті етті. Симфониялық оркестірдің гастролі – облыс әкімдігі мен «TURKSOY» халықаралық ұйымының қолдауымен және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтті.

Түркия еліндегі гастролді биыл алғаш болып елімізден Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі симфониялық оркестрінің ұжымы бастады. 67 өнерпаз мамыр айының 1 мен 10 аралығында Түркияның Газиантеп қаласында концерт қойды. Фестиваль аясында оркестр қазақстандық сазгерлер мен қатар шетелдік композиторлардың туындыларын орындады. Түркиялық әртістердің қазақ өнеріне қызыққаны сондай тіпті, елімізге келіп өнер көрсетуге ниет білдірді,- дейді Талғат Ыдырысов.

Талғат ЫДЫРЫСОВ, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің басшысы

Түркия елінің көрермендері жылы қабылдады . Біздің өнерпаздардың өнеріне тәнті болып жатты. Ұлттық өнерімізді әлемге танытып жүрген үлкен мәртебе.

Фестиваль барысында еліміздің мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген, өнер жанашыры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Рымбала Омарбекова марапатқа ие болды. «TURKSOY» халықаралық ұйымы арнайы «Алтын медаль» табыстап, қошеметке бөледі.  

Рымбала ОМАРБЕКОВА, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Бұл мен үшін үлкен марапат деп білемін. Бұл медальді тек беделді кісілер ғана алады. Айта кетерлігі, бұл біздің ұжымның, барлығымыздың ортақ жеңісіміз.

Аталмыш фестиваль аясында симфониялық оркестр Түркияның Адана, Мараш және Хатай қалаларында да болып, концерт қойды. Бұл мерекелік шара  - «TURKSOY» халықаралық ұйымының 25 жылдық мерейтойына арналды. Ендігі, еліміздің өзге де ұжымдары Түркияның осы елдерін гастролдік сапармен аралайтын болады.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар