ТУРИЗМДІ ТҮЛЕТУ ТЕТІГІ

18:40, 12 маусым 2018

Приозерск қаласында туризм саласын дамыту мақсатында аймақ аралық форум өтті. Үш жыл қатарынан ұйымдастырылған шарада қала, аудан әкімдері мен кәсіпкерлер жиналып, ашық пікір талас алаңында өзара кеңесті. Форумға облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров қатысып, бірқатар бастамалармен таныстырды

ҚР  Үкіметі ел экономикасын жаңғырту үшін алты басты басымдықтарының арасында туризмнің дамуын атап өтті. Бұл бағытта ішкі және сыртқы туризмді жандандыру маңызды. Демалыс орындарын танымал ету үшін инвесторларды тарту қажет. Алдымен, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуі тиіс. Бұл мақсатта қанат қағатын жаңа жобаларды облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров таныстырды. 

Алмас АЙДАРОВ, Қарағанды  облысы әкімінің орынбасары:

-Облыстық әкімдік пен «Атамекен» кәміпкерлік палатасы шағын несиелендіру ұйымын ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл екінші дәрежелі банктың қатысуынсыз несие алуға мүмкіндік береді. Яғни, Приозерск, Балқаш тәрізді қалалардағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін облысымызда орналсқан алпауып үлкен кәсіпорындарды пайдаланамыз.

Сонымен қатар, облыстық әкімдік «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп туризмді дамыту институтын құруды жоспарлап отыр. Бұл ұйым Қарағанды ​​облысының туристік өнімін ілгерілетумен жұмыс жасайды, әрі турзим бағытында кәсіпкерлер ұсынған ілкімді жобаларды қаржыландыруды қолға алады. Ашық пікір алаңында бірнеше тарап өз ойларын ашық білдіріп, осы саладағы өзекті мәселелерді көтерді.

Аймақаралық  форум Приозерск қаласында  осымен 3 мәрте өткізілуде. Дәстүрлі түрде Приозерск қаласында ұйымдастырылуы  тегін емес. Себебі, осындағы Солтүстік  Балқаш көлі жағалауы Қарағанды облысының турзимінің басты нысаны болып табылады.  Саяхаттаушылардың бұл шаһарға қызығушылығын арттыру үшін Прозерск қаласының келбетін жақсарту жұмыстары 2011 жылдан бастау алған. Көшелер аббаттандырылып, нысандар қайта қалпына келтіріліп, жолдар жөнделген. Келешекте турзимді түлету мен төрге оздыру үшін осындай ілкімді шаралар жалғасын табады, деп сендірді Приозерск қаласының әкімі Қайрат Қамзин.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
16:33, 16 тамыз 2018
ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар