ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ТЕТІГІ

16:43, 17 қазан 2019

Балқаш қаласындағы жұмыс сапары барысында облыс әкімі туризмді дамыту мәселелері бойынша жиналыс өткізді

Халықаралық консалтингтік компаниямен бірлесе отырып Балқаш курорттық аймағын дамыту жоспары әзірленді. Бірегей бастама - Балқаш, Приозерск қалалары мен Тораңғалық және Шұбар-Тобек кенттерін қамтиды.Отырыс аясында аймақ басшысы инфрақұрылымдарды, яғни: жолдарды, сумен жабдықтауды  жақсарту қажеттігін атап өтті. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің айтуынша бұл туристерді көптеп тартуға септігін тигізбек.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Балқаш қаласына  бас инфрақұрылым тартылады. Алматы тарапынан да жол құрылысы 2021 жылға қарай толығымен аяқталады. Көлік қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданының туристерді қарсы алуға дайындығы қазіргі таңда үлкен мәселе екені рас. Бірінші кезекте қонақ үй орындары жетіспейді. Өңірді аралау кезінде осындағы инфрақұрылым қазіргі туристің қажеттіліктеріне сәйкес келмейтінін байқадым.

Жадыларыңызға салайық, Балқаш көлінің жағалауы республикалық маңызы бар ең тартымды, туристік нысандардың ТОП-10  санатына кірді.Бүгінгі таңда бұл курорттық аумақ  жылына 80 мың турист қабылдайды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар