ТУРИЗМ МӘСЕЛЕСІ

13:34, 3 қазан 2019

Облыс әкімі Ұлытау ауданына жасаған сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған туристтік орталық пен жаңа музей құрылысы қалай жүріп жатқанымен танысты. Сонымен қатар ол бірқатар нысандарды аралап көрді

Қорық-музейдің қызметкерлерінің сөзінше Ұлытауға келетін туристтердің саны соңғы уақытта екі есеге дейін өскен. Бұл өсім алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.  Мысалға 2107-ші жылы келгендер саны 11 мыңнан асса, соңғы екі жылда 24 мыңға жеткен.

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, Ұлытау ауданының әкімі:

-2017-ші жылы музейге 11 мың адам келген болса, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 24 мыңға дейін жетті. Келушілер қасиетті жерлерді көргісі келеді.  Бірқатар проблемада бар. Яғни жолдың нашарлығы, қонақүйлердің және қоғамдық тамақтану орындарының жоқтығы сынды мәселелер.

Туризмнің дамуы аймақ тынысына тың серпін берер еді. Егер келушілер саны артса, аудан тұрғындарының да жұмыс ашып, кәсіп жүргізуіне мол мүмкіндік туады. Бұл үшін аудан тұрғындары да сервисттік қызмет көрсетуді үйренуі тиіс.  

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Ешкім шақырып шәйда бермейді дейді, соны үйрету керек. Туристтермен сөйлесуді қызмет көрсетуді білуі тиіс.

Жаңа туристтік орталық барынша замануи үлгіде болғаны абзал. Кешенде ақпараттық- экспозициялық зал ашылады. Шеберхана мен кітапханаға да орын бар. Бұл келген туристтерге тұрмыстық тапшылық көрсетпеу үшін ашылып салынып жатыр.

Бұл Ұлытау ұлттық мұражай-қорығы.  Оның басты міндеті табиғи және тарихи ескерткіштерді сақтау болып табылады.  Бұл аумақта Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл кесенелері, Теректі әулие кешені, Басқамыр ежелгі қалашығы және басқа да көптеген тарихи дәуірлер бар.

Қорық-мұражай қорының тарихи-мәдени картасына бас-аяғы 282 ескерткіш енгізілгенін атап өткен жөн.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар