ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЕР БЕРІЛІП ЖАТЫР

15:58, 2 желтоқсан 2020

ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында Бұқар жырау ауданына қарасты Доскей ауылдық округінің тұрғындарына тосын тарту жасалды. Елді мекендегі кезекте тұрған 10 азаматқа жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдері берілді. Бұл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының нақты нәтижесі

Бұқар жырау ауданына қарасты Доскей ауылдық округінің тұрғыны  Бауыржан Абдиевтің жер кезегін күткеніне 5 жылдан асыпты. Бүгін қуанышы еселеніп, тілегі орындалды. Жас отбасының отағасына елді мекеннен 10 сотық жер телімі берілді. Енді ол сәтін салса зәулім, кең сарайдай тұрғын үй тұрғызбақ ниетте.

Бауыржан АБДИЕВ, Доскей ауылдық округінің тұрғыны:

Мұндай зор қуанышқа кенелгендердің басым көпшілігі жас отбасылар. Тұрғындарға үлестірілген бұл аумаққа тиісті инженерлік инфрақұрылымдар тартылған. Айталық ауыз су құбыры, электр жарығы мен кәріз құбырлары түгелдей сапалы жүргізілгенін айтады, Бұқар  жырау ауданы әкімінің орынбасары.

Арман ДАРДАҚОВ, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:

Жердің тұрғындарға тиімді берілуін жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің мүшелері, аудандық арнайы комиссия бақылаған. Өз кезегінде жауаптылар жер кодексі туралы ережелер мен ауылдың негізгі жоспарын жұртшылыққа барынша байыппен таныстырды. Ал, халықтың  мәселесін нақтылап назарға ала отырып, әділ шешім шығарған.

Айша ИСАЙЫНОВА, Доскей ауылдық округі жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің мүшесі:

Бұқар жырау ауданы бойынша инженерлік инфрақұрылымдарды тарту үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қомақты қаржы қарастырылған. Бір ғана Доскей ауылдық округіндегі жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 100 миллион теңге бөлінген. Жалпы  елді мекенде жер кезегінде 400-ден астам адам тұр. Бұйыртса ауылдың жанынан 4 бірдей орам бой көтереді. Демек, Доскейде жап-жаңа жеке секторлардағы үйлер еңсе тіктейтін күн жақын.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар