ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ

14:02, 12 шілде 2019

Қызмет көрсетудің жаңа түріне халықтың қызығушылығы көп.Енді тұрғындардың қолайлығы үшін, біріңғай ақпараттық жүйе арқылы дәрілер тізімі электронды түрде беріледі. Соңғы төрт жылдан бері ұялы телефоннан емханадағы емдеуші дәрігерге жазылып, тіпті емделу нұсқауын да алатын болдық. Қаламыздағы жүзден аса дәріхана жаңашылдыққа дайын. Тұрғындар бұл хабарды қалай қабылдады?

Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы бүгін журналистермен брифинг өткізді.Оның айтуынша: «Электронды дәрілер тізімі айналымы арқылы біз препараттарды берушілер мен оларды сатушылардың жауапкершілігін арттырғымыз келеді. Себебі дәрілерді бақылаусыз қабылдау қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін».-дейді. Шындығында Статистикалықмәліметтерге жүгінсек, облысымызда берілген электронды дәрілер тізімінің саны артуда. Мәселен, соңғы аптада дәрігерлер 12 604 түбіртек толтырған.Ал, бір ай бұрын бұл сан үш есе аз болатын-дейді сала мамандары.  

Айдынгүл БАҚТЫБАЕВА, № 1 емхананың IT маманы (программист):

-Егер де науқас «даму медті» пайдаланса, онда рецепт деген бар. Рецептіге келген кезде науқас жазады ғой. Бірнеше уақыттан кейін рецептің уақыты өтіп кетеді. Ол қайтадан емханаға келу керек. Ал, бұл тұрғыда науқасқа қайта емханаға келіп қажеті жоқ. Ол тіркеуде тұрса, емделуші дәрігеріне рецепті ұзартыңызшы деп өтініш жібереді.

Үйде отырып, дәріңіздің тізімін электронды түрде алып, кез келген қаладағы дәріханаға бара аласыз. Тек қолыңызда төл құжатыңыз болса болғаны. Осынау біріңғай ақпараттық жүйеде  дәрігер жазып берген дәрілер тізімі сатушының базасында да тіркелінген. Алайда, бұл ақпарат жайлы тұрғындардың көбісі құлағдар болмай шықты.

Тіпті, дәрілер тізімін электронды болуына қарсылық білдіргендер де жоқ емес. Әлбетте, олардың өз себебі де бар.

Ботагөз ИБРАЕВА, қала тұрғыны:

-Жүрегіме бар әлі дәрілер. Бірақ та осылай ұстап қалса, далада ыстық қазір. Жүрек , давление ұстап қалса, ыңғай рецептіге жүгіре бермейміз ғой. Дәрігерлерге жете алмаймыз ғой.  Өлеміз ғой. Мынадай ыстықта.

Сонымен, электронды дәрілер тізімін зейнет жасындағы  қарттар бұрынғыша қағазбен аламыз десе, жас пен орта буындағыларға аталмыш жүйе уақыт үнемдейтінін көресетіп отыр. Енді ортақ базаға дәрігерлерден бөлек, дәріхана сатушылары да кіре алады. Қазіргі таңда жүзден аса жеке меншік дәріханалар тіркеуге енген.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар