ТҰРҒЫНДАРҒА ЕСКЕРТПЕ!

17:47, 25 мамыр 2020

Ағымдағы айдың 26-сы күнінен 27 мамырға қараған түні «Қарағанды ​​Су» ЖШС жоспарлы профилактикалық дезинфекция жүргізеді. Зарарсыздандыру шаралары кезінде сумен жабдықтау желілері өшірілмейтін болады

Осыған байланысты, таңертеңгі сағат 8-ден бастап 26 мамыр мен 27 мамыр аралығында су Қарағанды, Теміртау қалаларында және Ақтас ауылында тұтынушыларға хлор мөлшерінің жоғарылауымен жеткізіледі. Оны ішуге немесе тамақ дайындауға қолдануға қатаң түрде тыйым салынады. Осы аралықта Қарағанды, Теміртау қаласы тұрғындары 26-27 марыр күндеріне алдын-ала  ауыз сумен қамтамасыз етіліп алуы қажет. Ал, Ақтас кенті тұтынушылары екі тәуліктік, яғни 27-28 мамыр күндері үшін қосымша тіршілік нәрін сақтап қоюлары тиіс. «Қарағанды Су» ЖШС ұжымы уақытша қолайсыздық туындағаны үшін халықтан  кешірім сұрайды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар