ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮРЕЙІ БАСЫЛДЫ

13:35, 9 қазан 2019

Шет ауданы Ақадыр кентіндегі 12 көпбақатты үйлердің жертөлесінде орналасқан қазандықтар сыртқа шығарылды. Жаңадан салынған бес модульді қазандық мәселені шешеді ме?

Осыдан екі жыл бұрын Шахан кентінде болған апат 9 адамның өліміне себепші болып еді. Содан бері өмірін шүберекке түйген тұрғындардың қарасы көбейіп, биліктен көмек сұрағандар саны артты. Соның ішінде Ақадыр кенті тұрғындары да бар. Үйдің ішінде тұрған пештер тұрғындардың мазасын әбден қашырған.

Айман ҚАЙРАМБЕКОВА, Ақадыр кентінің тұрғыны:

-Шынымен де бізге қиын болған. Үйге пеш жағу, көмір кіргізу. Этаж үйде ол деген мүмкіншілігі жоқ. Және кішкентай ас бөлменің өзінде мына жерде пеш тұрса, мына жерде газ тұрады. Қай уақытта атылып кетем деп отыратынбыз.

Тұрғындардың сөздері жерде қалмады. Екі жарым жыл өтіп Ақадыр кентідегі 12 көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан қауіпті қазандықтар сыртқа шығарылды. Ол үшін бес модульді қазандық орнатыпты. Облыстық бюджеттен мәселені шешуге 273 млн теңге бөлінсе, құжаттаманы дайындауға аудандық бюджеттен 36 млн қарастырылған. Біздің түсірілім тобы келісімен жылуды қосқан кенттің әкімі жаңадан салынған қазандықты көрсетті.

Дәурен КӘРСЕМБАЕВ, Ақадыр кентінің әкімі:

-Сенімдік басқару мекемелерге берледі. Алайда, қазіргі таңдағы бүгін басталғаннан кейін биылғы қыс жылыту маусымында әрі қарай өзінің жұмысын атқарады. Оны тағы да көреміз. Егер де бұл тиімді, жақсы, ыңғайлы жағдай болатын болса, болашақта әрі қарай қосылмаған үйлер  бар. 100-ден артық үй бар. Сол үйлердің қалғанын қосуға жоспарға кіргіземіз бе деп отырмыз.

Қазандық үйдің аулаларынан алшақ орналасқан. Тіпті арнайы оқытылған от жағатын жұмысшылар да бар көрнеді. Олар, кенеттен жарық сөніп қалғанда тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті тәртіпке жүгінеді екен.

Ақадыр кентінде 100 көпқабатты үй бар. Алайда, барлығы жоғарыда аталған қазандықтармен жылытылады. Жаңадан салынған  5 модульді қазандықтар 12 үйді және қосыша тартылған 21 көпқабатты үйді жылытуға күші жетеді ме? деген сұрақ та туындады.

Максим ПОЛЯКОВ, « Пауэр Технолоджис kz»:

-Мында екі қазандық орнатылған. Күш – қуаты 04 мега ватт. Ол деген 8000 метр квадратты жылытуға күші жетеді.

Біздің түсірілім тобы екі қазандықтың жұмысын бақылап қайтты. Тағы да үш қазандық тура  осылай жұмыс жасайды деген әкімінің сөзіне сендік. Дегенімен, соңына дейін бітпеген абаттандыру жұмысы бір аптаның ішінде жөнге келтіріледі мердігердің айтуынша. Ол тұрғындарға жылу беруіне еш кедергі жасамайтын болып шықты.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар