ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫНЫҢ ІЗІМЕН

13:47, 20 тамыз 2019

Майқұдық елді-мекеннің 12 және 13 шағын аудан тұрғындары шағымдарын айтып, біздің арнадан көмек сұрады. Мәселен,13 шағын ауданы,2-үйде тұратындар мамыр айында балалар ауласында қазылған шұқырлар ойын балаларына қауіп төндіруде десе. Ал, 12-ықшам ауданның 30-үйінде мекен ететіндер аулаларының жөнделмейтіндерін естіп, билік өкілдеріне арызданды

Бұл 12 ықшам ауданы, отызыншы үйдің ауласы. Жөндеу маусымы алдында абаттандыру жопарпарына енген аула еді. Алайда, жұмыс жүргізіп жатқан қызметкерлер « ауланы жөндеуге қаражат жоқ» деп кесіп айтыпты. Расымен, көршілес аулаларыдың өңі кіргенін біз де байқадық.  

Айнұр ЖҰМАНБАЕВА, тұрғын:

-Бригадирлер айтты біздер сіздерге істейтін ақша бөлінбеді деді. Қалай сонда? Барлық үйді істейді де, осы үйдің ауласын тастап кетеді?

Облыс әкімінің өзі аулаларды аралағанда дәл осы ауланың жөнделетінін айтқан- дейді тұрғындар.

Орынбасар ЖҰМАНБАЕВ, тұрғын:

-Облыстың әкімі айтты отызыншы үйге дейін істейді деп. Бордюр бәрі деп. Қошанов өзі айтты осы жерді аралап жүріп.

Жоспарда тұрып, аяқ асты қаражаттың болмай қалғанын анықтау үшін, біз Октябрь ауданының әкімшіліне хабарластық. Біздің түсірілімнен кейін, аталған аулада жөндеу жұмысы басталыпты. Тіпті, қаражат та табылған көрінеді.

Ерік АХМЕТОВ, Октябрь аудандық әкімшілігі бөлімінің бас маманы:

-Осы жұма күні комиссия өтті. Қаржыландыру бөлінеді қосымша. Осы ауланың жұмыстары жасалады. Жұмыс кестесі бойынша, қазан айына дейін бекітілген. Аула қыркүйек айына дейін бітеді.

Ал, 13 ықшам ауданында тұрғындар балаларын ойын ауласына еркін жібере алмайды. Себебі, құбырларды жөнге келтіру мақсатында жүргізілген жөндеу жұмыстары осы күнге дейін бітпеген.Терең қазылған шұңқырдың маңына   қоршау да қойылмаған. Ол аздай, қазба мен құдық көздері ашық күйінде жатыр.

Валентина ДЕНИСОВА, тұрғын:

- Көрдіңіздер ме? Қазды да кетті. Жұмыскерлер анда –санда келіп кетеді. Бірақ, осы күнге дейін бірде-бір қоршау қойған жоқ. Ойын балалары құлап кетсе, не болады? Кім жауап береді? Масқара ғой!!!

Мәселені бізден естіген «теплотранзит Қарағанды» компаниясының басшылары жедел қоршау қоюуға асыққан. Және шұңқырларды жабуға хаттама да толтырыпты.

Александр АКШИН, « Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-нің техникалық директоры:

- Біз бүгін жазбаша хаттама толтырдық. Мәселені жұмыскерлер шешіп, қоршау қойды. Бұл жердің қауіпін түсінеміз. Сондықтан, қадағалауда ұстайтын боламыз.

Тұрғындардың мәселесі біздің арнаның араласумен оң шешім  тапты. Қала әкімшілігі де жедел әрекеттерімен тұрғындардың шағымын назардан тыс қалдырмады. Барлық жөндеу жұмыстарын күзге дейін бітпек көрінеді.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар