ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

13:32, 19 қыркүйек 2019

Мемлекеттік органдардың тексеру нәтижелері бойынша облыс тұрғындарының өтініштеріне сәйкес 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған.Атап айтқанда қалалық әкімдіктің ресми нұсқадағы жауаптары мерзімінен кешіктірілген. Бұл мәселе Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті 41 сессиясында көтерілді

Қалалық әкімдіктің жұмысына депутаттар жан-жақты тұрғыдан талдау жасаған еді.Соның нәтижесінде тұрғындардың өтініштері бойынша хаттарда көптеген құқық бұзушылықтар анықталған.Қарағандылықтардың шағымдары мен мәселеріне тиісті жауаптар мерзімінен кешіктірілген.

Геннадий ИВЧЕНКО, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Қалалық мәслихат аппараты бірнеше рет жергілікті атқарушы органдардың атына толық жауап беру туралы  ескертулерді жібергеніне қарамастан,мемлекеттік органдар нақты жауап берген кезде атқару тәртібі  жақсырақ болды. Құжат айналымын талдау жауаптардың  сапасыз мазмұнын және формальды жазбаларды куәландырады. Айталық атқарушы органдарды  бақылауға алғаннан кейін ғана толық жауап беріледі дегенге саяды.

Алайда атқарушы органдар  тұрғындардың жазбаша өтініштеріне нақты жауап бермейтінін айтады, халық қалаулылары.Мысалы егер қарағандылықтар жолды жөндеуді сұраса, асфальтты қалыпқа келтіруге биыл ақша жоқ деп мәлімдемейді. Онысы аздай алдағы жылдары жұмыстардың жүргізілетініне уәде береді. Ал мәселе жыл санап шешімін таппайтыны жасырын емес.

Борис ЗОРИН, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

- Менің пікірімше шенеунік жарты жыл ғана жұмыс істейтін сияқты.Көкейкесті проблемаға біз және халыққа ғана алаңдаулы.Мұндай ресми нұсқаны  тек бір аптадан кейін алуға болады.  Біз керісінше отыз күн күтеміз.

Ал биыл прокурорлар жергілікті билікке тексеріс жүргізді Облыс бойынша олар тұрғындардың өтінішіне сәйкес 2000-нан астам  құқық бұзушылықты анықтады. Өткен жылы аталған фактілердің саны 1500 жеткен.  Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы және білім,  құрылыс саласы  жөнінде жазатын адамдардың  өтініші легі әлі де сейілмеген. 

Қонысбек АХМЕТОВ, құқықтық статистика комитеті басқармасы бастығының орынбасары:

-Құқық бұзушылықтар саны 30% - ға өсті. Мысалы кеңсе меңгерушілігіндегі кемшіліктер белгілі болды.Біз оның себеп-салдарымен күресеміз.

Депутаттар осындай олқылықтар үшін мемлекеттік мекемелердің бірінші жетекшілерін  жазалауды талап етуде.Өйткені олар жауапкершіліктен сытылып кетеді,-дейді халық қалаулылары. Сессияда айтылған шешім жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар