ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

16:46, 11 шілде 2019

Қоғамдық кеңес мүшелері Оңтүстік шығыс ауданындағы көпқабатты үйлердің құрылыс барысын тексеріп қайтты

Қоғамдық кеңестің белсенді мүшесі Николай Абт- құрылыс саласын жетік меңгерген маман. Өзі де бірнеше көпқабатты үйдің бойкөтеруінде атсалысқан. Қырағы көзді құрылысшы мына тұсауы кесіліп үлгермеген су жаңа нысаннан олқылықтар тауып үлгерген. Сарапшының прікірінше, құрылыс барысы орынды жүзеге асып жатқан жоқ.

Николай АБТ, қоғам белсендісі:

-Бұл жерде құрылыс жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған. Екі жақ қасбеті екі түрлі. Яғни шатырдың жиектері тиісті орналастырылмаған. Банктан кредит алады, қарызға кіреді, ескі баспанасын сатып несиеге ондаған жылға су жаңа пәтер алады. Отбасына жақсы пәтер алып, еңбек етіп, тиісті төлемін жасап жүреді. Кенет оның алған үйінде сыртқы  қаспет бұзыла бастайды. Ал оны қалыпқа келтіру қомақты қаржыны қажет етеді. Қарапайым xалықтың қалтасы көтермейді. Компания болса ол кезде кепілдік мерзімі біткен деп жауап қататын болады

Мамандар 24 қабаттық үйдің өрт қауіпсіздік шараларына  да күмәнмен қарауда. Мұндай еңселі ғимаратты тілсіз жаудан сақтау үшін облыс орталығында техника жоқ – дейді олар.

Андрей МОИСЕЕВ, ТЖД бөлім басшысы:

-Біз 28 қабаттан жоғары үйлерді ғана тексереміз. Себебі олар жоғары қауіпі бар үйлердің санатына жатады. Бұл тексерістер соның ішінде тұрғын үйді теxникалық тұрғыдан қадағалайды, ал пәтерлерде тексеріс жұмыстары жүрмейді. Ұзындығы отыз метрді құрайтын өрт сөндіру сатысы адамдарды тоғызыншы қабатқа дейін құтқара алады. Яғни, бұдан қабаты жоғары ғимараттар биік ғимараттарға жатады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы кезекте тұрған отбасыларға берілетін пәтерлерді жіті қадағалаудан өткізу маңызды – дейді белсенділер. Әлеуметтік бағдарламалар аясында бой көтеріп жатқан нысандарда жиі көзбояушылық аңғарылатын көрінеді. Сондықтан, қазіргі таңда қоғамдық кеңес мүшелері мұндай тексерістерді ұдайы ұйымдастыруды жоспарға алған.

Марат ТҮСІПОВ, Қоғамдық кеңес мүшесі:

-Шілденің аяғына қарай артымызда тұрған бесінші үй дайын болып, көпбалалы аналарға берілетін болады. Кемшіліктер бар, кемшіліксіз болмайды. Іштегі кіреберістпрдің тарлығы, балалар алаңы. Мына жерде жеті үй тұр, 192 пәтерден, әр қабатта сегіз үйден. Сол сегіз пәтерден өзіңіз ойлап көріңіз қанша xалық. 1344 пәтер. Осыған Қарағанды құрылыс бөлімі ақша бөлді. Сондықтан дұрыс қадағалау керек.

Нысан құрылысын «Еуразия Билдинг» компаниясы жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда тұрғын үйдің инженерлік және коммуналдық жұмыстары 90 % - ға дайын. Тек, кәріз құбырларын жүйеге келтіру ғана қалған. Тұрғын үйдің кепілдік мерзімі - үш жыл. Жаңа үйдің бір шаршы метрі 140 мың теңгеге сатылады. 

Нұрлан АБЖАНОВ, Қарағанды қаласы құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Бұл үйдің тапсырыс берушісі Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі. Құны 1,5 миллиардты құрайды. Графиктен ауытқулар жоқ. Жұмыс жобаға сәйкес жүріп жатыр.

Қала әкімдігінің тапсырысымен бойкөтеріп жатқан тұрғын үй құрылысы мерзімге сай іске асырылуда.Тексеріс барысында анықталған олқылықтарды комиссия мүшелері әрі қарай құзырлы органдарға жолдайтын болады.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар