ТҮЛІК ТӨЛДЕН ӨСЕДІ

16:50, 11 шілде 2019

Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында «Қарағанды облысы бойынша қой шаруашылығының қазіргі жағдайы және даму бағыттары» тақырыбы негізінде семинар-кеңес өтті.Қой шаруашылығы саласына бағытталған алқалы жиынға осы түлікті өсіру мен өрбіту саласында тер төгіп жүрген белгілі зерттеуші ғалымдар және фермерлер мен шаруашылық жетекшілері қатысты

Алдымен облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров  бастаған семинар қонақтары  Арқа жерінде өсірілетін  қой түлігінің көрмесін тамашалады.Онда «Сарыарқа», қой тұқымындағы аналық қойлар мен аталық қошқарлардыжәне «құйрықты қылшық және биязы жүнді «дегерес» тұқымдары мен «Еділбай түліктерін көріп,оның ерекшеліктеріне арнайы тоқталды

Қазақстан бойынша 16 миллиондай қой-ешкі болса,оның 1миллион 300 мыңнан астамы біздің аймақта өсіріледі.Төрт түліктің негізі Ақтоғай, Қарқаралы, Жаңаарқа, Ұлытау,Шет аудандарында шоғырланған. Қой етін экспортқа шығаруда айтарлықтай алға жылжу бар.

Сағынжан АПАҚАШОВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

-Қой мен ешкінің басын көбейтуде,кейбір жеке-меншік секторлар әдістерін пайдалану қажет.Олардағы ұсақ малдың басы 493мың, яғни 35 пайызды құрап отыр.Қазіргі уақытта әр жеке-меншік иелерінде 20-30 дан қой малдары бар.

Бүгінгі күні қойды қолдан ұрықтандыру жұмыстары мен облыс бойынша «Жеңіс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «Әлішер» шаруа қожалықтары  айналысады.

Төлеухан САДЫҚҰЛОВ, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің академигі /Алматы қаласы /:

-Қойдың саны азайсада,жүні азайса да қой етінің өсімі көбейді.Ал, енді Қазақстанда бұл жағынан жақсы мүмкіндік.Елімізде қазір 16 миллион қойдың 80 проценті құйрықты қойлар

«Қой шаруашылығының қазіргі жағдайы және даму бағыттары» бойынша өткізілген семинардақой санын көбейту мен жайылымдық жерлерді тиімді игеру, ет экспорты әлеуетін арттыру,мал тұқымын асылдандыру сияқты мәселелерді қаралды.

Еркебұлан АХМЕТОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент басшысы /Нұр-Сұлтан қаласы /:

-Жалпы қазіргі уақыттағы тенденцияға қарай қойдың саны соңғы үш жыл көлемінде аз да болса артып, келеді. Бірте, бірте нарықтар ашылып, жатыр. Жаңа нарыққа сәйкес, өз өнімдерін жоғары бағаға сатып жатыр. Бұл зор мүмкіндік.

Семинарда сондай-ақ, «Алтын асық» бағдарламасы арқылы мал сатып алу,қойдың жүні мен терісін кәдеге жарату сияқты мәселелер қаузалды. Қойдықолдан ұрықтандыру арқылы мал тұқымын асылдандырудағы «Жеңіс» жауакершілігі шектеулі серіктестігінің мол тәжірибесі ортаға салынды.

Жамбыл ЖҮНДІБАЕВ, «Жеңіс» ЖШС-нің директоры /Жаңаарқа ауданы/:

-Енді ұрғашы мал 10 мың басқа барды.Енді үкімет көмек беріп, жатыр.Несиге алған 10 процентті үкімет өзі жауып,қалған 4 процентін бізге қалдырып, жатыр. Жақсы мүмкіндік

Қой шаруашылығын дамытуға байланысты өткізілген семинар-кеңесті қортындылаған облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар