«ТҰЛҒА» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

15:46, 16 қазан 2020

Жезқазған қаласында дәстүрлі «Тұлға» сыйлығы табысталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған игі шара Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойларына арналды

Жезқазған жұртшылығы «Тұлға» сыйлығын тапсыру рәсіміне шақыртылған құрметті меймандарды қызыл кілем төселген дәлізде қарсы алды. Оның ішінде, театр және киноның танымал актерлері, мәдениет, білім және БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері бар. Алдымен, қонақтар ақ халаттылардың тексеруінен өтіп, арақашықтық сақталған кең залға жайғасты.

«Тұлға» сыйлығы Жезқазған төрінде осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген әр саланың үздіктерін анықтап, құрмет көрсетуді көздеген белгілі меценат Бекзат Алтынбековтің сыйлық тапсыру рәсімінде алғаш болып облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің бейнежазба арқылы құттықтауы берілді. Дүйім жұрттың басын қосқан тағылымы мол шарада Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Абсаттаров та жылы лебізін білдірді.

Қайрат АБСАТТАРОВ, Жезқазған қаласының әкімі:

«Тұлға» сыйлығында биыл 5 аталым бойынша 20 жеңімпаз анықталды. Әдебиет, өнер, білім беру, ақпарат салаларын дамытуға және ұлтаралық татулықты нығайтуға қосқан тұлғалар ақшалай сыйлықпен марапатталды. Кештің басты қонақтарының бірі, қазақтың Қыз Жібегі атанған танымал актриса, "Құрмет" орденінің кавалері Меруерт Өтекешова да сыйлыққа ие болды.

Меруерт ӨТЕКЕШОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

Білім беру ісінің құрметті қызметкері Шағангүл Алдамжарқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбаева, қоғам қайраткері Нәзипа Шанай мен халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақиық ақын Серік Ақсұңқарұлы да сыйлыққа ие болды.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:

Мәдени кеш Тәуелсіз Қазақстан қоғамындағы өнер мен мәдениеттің шамшырағын жағып, білім мен ақпарат саласының басы-қасында жүрген кәсіби һәм талантты жандарға толы болды. Баубек Бұлқышев, Мұқан Иманжанов,  Райхан Ибраева, Қайрат Кемалов, Камал Смаилов атындағы сыйлық иегерлері де қошеметке бөленді. Ал, Сәбит Байдалин атындағы сыйлыққа - Қарағанды облыстық "Қазақстан" РТРК" АҚ филиалы «Сарыарқа» телеарнасы ұжымы лайық деп танылды. 

Жәнібек САДЫҚАНОВ, облыстық «SARYARQA» телеарнасы директорының орынбасары:

Қазақтың атымтай жомарттығын танытып, өнер мен мәдениетті, әдебиетті төрге сүйреген жандарға қолдау көрсеткен меценат Бекзат Алтынбеков игі жақсыларды бағалау азаматтық парызым дейді. Осымен екінші рет өткен салтанатты рәсімді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойларына арнаған.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,  белгілі меценат:

-«Тірісінде жақсысы жоқ, өлгенінің жаманы» жоқ деп жатады ғой. Жақсы адамның барлығын тірісінде бағалап, құрметтеу негізгі парызымыз деп есептеймін. Әр саланың өзінің қалыптасқан тұлғалары бар. Біз соларды тек мойындауымыз керек, халықтың алдында ерекше құрмет көрсетуіміз керек деп есептейміз.

Мерекелік кеште жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты. Еліміздің бірнеше өңірінен келген танымал тұлғалар, құрметті меймандар «Тұлға» сыйлығы арқылы жастардың тұлға болып қалыптасуы жолында аянбай еңбектене беретіндерін жеткізді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар