«ТҰЛҒА» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

15:57, 9 қазан 2019

Жезқазған қаласында тұңғышы рет ақпарат, өнер және білім саласының үздіктерін анықтаған «Тұлға» сыйлығы табысталды. Айтулы марапат Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы мен ел газеті «Егемен Қазақстанның» 100 жылдық мерейтойларына арналды.

Дәл осылайша қызыл кілем төселген жасанды дәлізбен өнер, білім, ақпарат саласының үздіктері жүріп өтіп зор қошеметке бөленді.  Тағылымы терең салтанатты жиынды ел арасында атымтай жомарт атанған облыстық маслихаттың депутаты, белгілі меценат Бекзат Алтынбеков ұйымдастырды. Негізгі мақсат көпке үлгі өнеге болып жүрген замандастарымыздың тұлғасын анықтап, имиджін көтеру және жаңа белестерге ынталандыру.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, меценат:

-Қазақтың кез келген азаматы тұлға болуға лайықты. «Тұлға» марапатына лайықтыларды анықтау үшін арнайы дерекция құрылып оны Светлана Жукина қадағалап сараптап шыққан болатын.

Өнер саласына тағайындалған атаулы сыйлықтар саны жетеу болды. Оның ішінде барлығы да көз тірі актерлердің атындағы марапаттар. Мәселен, Досжан Жанботаев атындағы сыйлық жас актер Дархан Сүлейменовке бұйырды. Ол бұл марапатты «Кейкі мергеннің» образын сомдаудағы шеберлігі үшін алды.

Дархан СҮЛЕЙМЕНОВ, актер:

-Мәселе берген сый сияпатта емес. Ең бастысы еткен еңбегімізді ерекше бағалап жатқандығында. Өте қуаныштымын мқндай марапаттар біздерді ынталандырып алға қарай жетелей түседі деп ойлаймын.

Бас жүлде театр өнерін өркендетудегі еселі еңбегі үшін ҚР халық әртісі Досжан Жанботаевқа берілді.

Ал, білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Нүрия Жұмажанова атындағы арнайы сыйлық Әбдірахман Досановқа берілді. Ұлағатты ұстаз 39 жыл осы салада табысты еңбек етіп келеді.

Әбдірахман ДОСАНОВ, Жезқазған қаласы №1 орта мектептің директоры:

-Әрине, өте қуанышытымын осындай марапатқа лайықтысың деп сый құрмет көрсетіп жатыр. Бұл жетістік менің ғана жетістігім ғана емес. Бұл тұтас ұжымының жеңісі. Сол себепті барша әріптестеріме алғыс айтамын.

Ақапарат саласындағы бас марапат «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымына бұйырса, білім саласындағы «тұлға» номинациясы Сәтпаев қаласының құрметті азаматы Шабал Бейсенбекқызына берілді. Ұйымдастырушылардың айтулары бойынша Тұлға марапаты алдағы жылдары да дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар