ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

16:41, 3 қыркүйек 2019

Балалар үйінің түлектеріне Қарағанды облыстық білім басқармасы қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылар жоғарғы оқу орындарының, колледждердің өкілдерін түлектермен жүзестіріп, болашаққа бағыт-бағдар берді. Жетім қалған жандардың тынысмен әріптесім танысып қайтты

Достық үйінің кеңсесі адамға лық толы. Жиналғандардың мақсаты бір.  Ол – балалар үйінің түлектеріне қолдау көрсету. Биылғы жылы 130 оқушы мектепті бітіріп, оның 22-сі білім Министрлігінің жоғарғы оқу орнына бөлген грантына ие болды. Соның бірі - Виолетта. Ол, Нұрсұлтан қаласында оқитын болады.

Виолетта МУРСИНА, «Таңшолпан» балалар үйінің түлегі:

-Мен Нұрсылан қаласына оқуға түстім. Тегін оқитын боламын. Маған 40 мың теңге көлемінде степендия беріледі. Онымен қоса, тегін жатахана берілды. Сонда тұрамын.

Қазір 108 оқушы колледждер де оқуын жалғасытырып жатыр. Ал, облыс бойынша кәсіптік және техникалық жүйесімен 69 білім ордасы жұмыс жасауда. 62 колледжде 500-ден аса жетім балалар тегін білім алып келеді. Мемлекет тарапынан қолдау көріп жатқандардың қатарында «Әсем» балалар үйі де бар.

Светлана ПРОКОПИВ, «Әсем» балалар үйінің директоры:

-Біздің балаларға қолау көрсетіліп жатыр. Бірінші және екінші дәрежелі колледждер тегін оқу береді. Одан бөлек, пәтер алу мүмкіндігі де басым қазір. Құжаттарды заңды тұрғыда реттеу жағынан да қолдау көріп жатырмыз. Бүгінгі жиын да көп мағлұмат берді балаларға. Түлектерімізде енді жаңа өмір кезеңі басталды. Сондықтан осындай қолдау ауадай қажет меніңше.

Қазіргі заман талабына сай әр бала білім алуға міндетті. Оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне аса назар аудырылып отыр. Жоғарғы оқу орын бітіріп, жұмыс беру жағы да қолға алынған. Сол үшін бүгінгі жиынға кәсіпкерлер де, жастар орталығының өкілдері де қатысты. Қашанда, жетімін жебеген халықтың мәртебесі асқақ болатыны хақ. Игілікті  іс-шаралар арта бергей.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар