ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕ ШЕШІЛЕДІ МЕ?

17:26, 9 қазан 2019

Осыдан біршама уақыт бұрын Жаңаарқа ауданы жұртшылығы темір жолдан зардап шеккедерін айтып, елдің назарын аударған болатын. Қыркүйек айының басында арнамыздың тілшісі аудан тұрғындардың шағымын тыңдап, қойған талабын көрермендердің назарына ұсынған еді. Күрмеуі күрделі мәселенің шешілуіне қадамдар жасала басылды. Тұрғындардың сұраған көпірі салына ма? Жарық проблемасы қалай шешіледі?

Осындай шағыммен біздің телеарнаға хабарласқан тұрғындардың өтінішін оңтайлы шешу үшін, Қазақстан Темір жолы ЖШС-не хабарластық. Әңгіме барысында, серіктестіктің бас инженері Жаңаарқа ауданы әкімшілігінен осы күнге дейін ешқандай хаттама келмегенін жасырмады.

Александр ЗАЙЦЕВ, Қарағанды магистральді жүйе бөлімінің бас инженері:

-Осы күнге дейін Жаңаарқа ауданы әкімшілігінен ешкім хат жазып жүгінген жоқ. Ресми хат болмады.

Алайда, толғақты мәселе эфирге шыққанан соң Жаңаарқа ауданы әкімішілігі Нұр – Сұлтан қаласындағы Қазақстан Темір жолы басшыларына тұрғындарға көпір салу үшін, техникалық жағдайды сұрап, хаттама жолдапты.

Александр ЗАЙЦЕВ, Қарағанды магистральді жүйе бөлімінің бас инженері:

-Техникалық жағдайлар жайлы құжатты алғаннан кейін жобалық сметалық құжаттаманы жеке меншік тұлғалармен кеңесе отырып, көпір құрылысын бастауға құқылы. Әрине, бекітілген тәртіп бойынша.

Енді көтерілген мәселенің оңтайлы шешілуін  тұрғындар да асыға күтеді. Айтпақшы, 17 мың тұрғыны бар аудан орталығында жарық көзі жиі сөнетіні де эфирде қозғалған болатын. Бұл жайында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары құлақдар, тіпті жауап та берді.

Ермағанбет БӨЛЕКБАЕВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Бұл жағдайды біз білеміз және өз қадағалауымызға алдық. Қазір аталған мәселені ірі электр желісімен айналысатын компанияның еншісіне беруді қарастырып жатырмыз. Кеше мен бұл сұрақты Нұр – Сұлтан қаласында өткен жиында көтердім. Мәселе жақын арада оң шешім табады.

Тұрғындардың айтылған бас – назы басшыларға жетті. Енді проблема өзгереді деп біз де сенеміз. Алдағы уақытта телеарна тілшілері қос мәселені үнемі бақылауында ұстайтын болады.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар