ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТТІ

18:12, 20 наурыз 2018

Шет ауданына қарасты Өспен ауылдық округінің жалпақ жұрты Наурыз мейрамын айрықша сән-салтанатпен тойлады

Осыдан отыз жыл бұрын мектепті тәмәмдаған түлектер өскен өлкелерінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды.Бұл Елбасының Туған жер бағдарламасының жарқын көрінісі.Қолындағы барын бұқарамен бөлісетін жігіттер сайыста өнер көрсеткен  барлық оқушыларға бағалы сыйлықтар таратты. Сәкен  жалпы білім беретін орта мектебінің тас  түлектері бір-бірімен сағына қауышты.Кешегі сыныптастар бүгінде әр отбасының отағасы мен отанасы.Жәнеде түрлі саланың майталман маманы.Осы оқу ошағында тәлім терген азаматтардың бірі Сьезбек Абдырахманов. Жомарт жан  қашанда бітер істің басы-қасынан табылады.Ол алтын бесік ауылыма қолын ұшын созу перзенттік  басты парызым -дейді. 

Сьезбек АБДЫРАХМАНОВ  мектеп түлегі

Елбасымыздың рухани жаңғыру мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы  бойымызға  үлкен жігер мен серпіліс сыйлады. Әр азамат  өзінің туған еліне  көмек жасау керек деп ойлаймын.Наурыз мерекесін  жастардың санасына сіңіріп, насихаттау мақсатында осындай іс шара өткізіп жатырмыз.

Өлкеде  Наурыз мейрамына негізделген шаралардың түндігі  көңілді бағдарламалармен ашылды.Талантты балғындар әсем әндерді көрерменнің жүрегіне жеткізіп шырқады.Ал 1988 жылы мектеп бітірген    түлектер төл спортты түлетті.Олар балғындар арасында  арқан тартыстан жарыстың жалауын желбіретті.Кең пейіл азаматтар  ұлттық ойындармен өнер сайысында серпін танытқан жасөсіпірімдерді бөле жармады.Демеушілер 87 балаға оқу құралдармен тәттілерді тегін үлестірді.

Гүлбаршын СӘБИТҚЫЗЫ Шет ауданы мәслихатының депутаты

Біздің мектебіміздің түлектері  ұйымшыл. Ауылына көмектесуге дайын тұрады.  Бірлігі мен ынтымағы жарасқан,  қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдан шығады.Сондықтан азаматтардың  мәдениеті жоғары

Жоғары сыныптың оқушылары да іні-қарындастарынан қалыспады. Би байқауында бұрымды арулар дарынымен дараланып, қазылар алқасын қайран қалдырды.Ұлыстың күні қарсаңында жалынды жеткіншектер ұлттық ойындардың тамырына қан жүгіртті.

Ермек ТӘЖІНТАЙ Өспен ауылдық округінің тұрғыны

Қазақта қанатты сөз бар етінен гөрі ниеті деген. Ауылдың азаматтарының игі істері әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймын. Сәкен жалпы орта білім беретін мектептің түлектеріне мыңда бір алғыс айтамыз. Барлық ауыл ата-аналарының  атынан. Және де бұл басқа өңірлерге үлгі болатынына сенімдіміз.

Бабы келіскен отыз шақты бала асық ату, қол күрес  және желке тартыстан бақ сынасты.Ал мерекенің мерейін үстем еткен, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жерлестеріне олар дән риза.

Файзулла НҰРЖАНОВ ардагер ұстаз

Осыдан отыз жыл бұрын мектеп бітірген түлектердің сынып жетекшісі болдым. Шәкірттеріммен бірге   ең бірінші Сәкеннің кіндік қаны тамған Қарашілікке  тас қойдық.

Сонымен қатар түлектер білім ордасына ақшалай сыйақы табыстады.  Қомақты қаржы  мектептің ішін безендіруге жұмсалады.Ажары ашылған ауылда салт-дәстүрдің үлгілі үрдісі ерекше  дәріптеліп, рухани құндылықпен астаса түсті.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...