«Туған жер» бағдарламасы аясында Ақадыр кентінде балалар алаңқайы ашылды

17:53, 16 қазан 2017

Бұл ауылдың кішкентай тұрғындарына деген жергілікті кәсіпкерлер тартуы. Аймақтың атымтай жомарт азаматтары өскен өлкесін көркейтуге осылайша үлес қосқан

Кент тұрғындары мен балғындар алаңқайдың ашылу сәтін асыға күтті. Көпшілікті Колбасин көшесінің келіскен келбетіқуантты.Туған жерін түлету  мақсатында тамшыдай үлес қосуды перзенттік парызы санаған бизнесмен Амандық Серіков балалар алаңқайын орнатуды ұйғарыпты. Бүлдіршіндер асыр салатын орынды тұрғызуға «Электр жабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры  3 миллион теңге қаражат жұмсаған.

Амандық СЕРІКОВ «Электр жабдықтау» ЖШС директоры

Болашақта мекеменің жұмыс істеуіне байланысты  әр жыл сайын осындай нысандар  салып беруге атсалысамыз. Жергілікті әкімдікпен бірлесе жұмыстар атқарудамыз. Елімізде бейбітшілік және отбасымыз аман болсын.

Ойын алаңының құрал-жабдықтары замана талабына сай. Өскелең өрендердің бұлшық етін шынықтырып, көңілін аулайтын сырғанақтар мен керілмелер біріңғай таза заттармен бекітілген.Тіпті аумағыда темір шарбақпен қоршалған.

Қарлыға КІШКЕНТАЕВА Ақадыр кентінің тұрғыны

Отансүйгіштік қасиетті үлгі ретінде көрсететін кәсіпкерге алғысымыз шексіз.Осындай кәсіпкерлеріміздің қатарлары көбейе берсін.

Ділназ ШАЙГӨЛЕКОВА  Ақадыр кентінің тұрғыны

Маған алаңқай қатты ұнады. Жаңа достар таптым.Құрал-жабдықтар ыңғайлы. Ағайларға рахмет айтамын.

Сәтін салса аталған көшенің бойында гүлзарда салынады.Дәл қазір халық тынығатын орынның құрылыс жұмыстары  қарқынды жүргізілу үстінде. «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде «Мен- Ақадырды сүйемін» атты иллюминацияда  аймақтың  ажарын аша түскендей. Сәулетті жазуды «Ақадыр» айналмалы депосының ұжымы қойыпты.

Азамат МАХМҰТОВ Ақадыр айналмалы депосының басшысы

Әріптестеріммен ақылдаса келе,суретке түсетін тосын сыйды тарту еттік. Кіндік кескен жерін жарқыратып, жайнату  әр азаматтың міндеті.  Енді әлеумет  әдемі орында фотоға түсу мүмкіндігіне ие болды.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші.  Ақын Сәкен Сейфуллиннің әндері  атындағы байқау биыл төртінші мәрте жалғасын тапты. Рухани шараны Ортау ауылының тұрғындары мен тау тұлғаның туыстары ұйымдастырған. Ынтымағы ырысты, өлкенің өркениеті мен өнеркәсібі келешектеде өрістей түсетіні кәміл.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар