ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАБЫН БҰЗДЫ

16:27, 26 наурыз 2020

Теміртау қаласындағы супермаркет директоры 10 күнге қамалды. Себеп – кәсіпкердің қол астындағы қызметкерлер санитарлық жағдайда қызмет көрсетпеген. Жұмыс барысында олардың арнайы медициналық бет перделері мен қолғаптары болмапты. Төтенше жағдайда белгіленген тәртіпті бұзғандардың барлығын осы тектес жаза күтіп тұр – дейді мамандар

Мұндай олқылықтар облыстық прокуротураның қызу тексеріс жұмыстарының нәтижесінде анықталған. Қазір мамандар танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде еркін тарап жатқан жалған ақпараттарды сүзгіден өткізуде. Иә, кез – келген қала тұрғыны түрлі тақырыпта ой өрбітіп, ақпаратымен бөлісуге құқылы. Алайда, желідегі кеңістікті кеңінен басып, халық санасына теріс пікір ұялататын күмәнді материалдарды тарату – тікелей заңға қайшы әрекет болып есептеледі. Облысымызда осындай төрт факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап үлгерген.

Нұрсұлтан ҚАЛДЫРБАЙ, облыстық прокуротураның ресми өкілі:

- Балқаш қаласының тұрғыны желіде студенттерді жатақханадан шығарып, орынына «коронавирус» жұқтырған 300 адамды орналастырмақшы - деген жалған ақпаратты таратқан. Айыптыға тиісті жазалар тағайындалды. Ал, Теміртауда сатушылар жұмыс орынында қолғап және маскасыз болғаны үшін сауда орынның директорына әкімшілік сот 10 күнге қамау туралы қаулы шығарды.

Тәртіп сақшылары анықтаған заңға қайшы әрекеттердің бұл бір бөлігі ғана. Белгіленген шектеулерге қарамастан, аймақ тұрғындары отбасылық және меркелік іс – шараларды өткізуден бас тартпаған. Осы орайда  Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзған азаматқа 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екенін еске саламыз. Сондай – ақ, прокуротура мамандары түзету жұмыстары 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру сияқты қатаң жазаға ұласуы мүмкін – дейді.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар