Төрт түліктен табыс тапқан

14:29, 30 мамыр 2017

Шет ауданының шаруашылықтары мемлекеттік бағдарламалар көмегімен кейінгі 2 жылда 12 мың бастөрт түлікпен толыққан. Әсіресе, асыл тұқымды мал санын арттырып жүрген кәсіпкердің бірі - «Харекет» шаруашылығы. Бүгінде жайылымында жүрген 240 ірі қараның 70 пайызы элиталық зеңгі баба тұқымы

«Харекет» шаруа қожалығының жетекшісі Елдос Хамит өз кәсібін 12 жыл бұрын  10 сиырмен бастаған. Кейін мемлекеттік «Сыбаға»бағдарламасымен  15 млн теңге несие алып, өрісін 100 ірі қарамен толықтырды. Ал «Құлан» бағдарламасы арқылы 51 бас жылқы және 4 «Бұғалжар» асыл тұқымды айғыр алуға мүмкіндік туды. Жас кәсіпкер келешекте шаруашылықты өркендетіп, қыстақтарына мал бордақылау алаңдарын салмақшы.

Елдос ХАМИТ  «Харекет» шаруа қожалығының жетекшісі

Алдыға қарай жоспарымыз осы сиырларды толық ақбастандыру. Енді бұл ақбас дегеніміз ет бағытындағы мал болғандықтан келешекте етті эспортқа шығару, соны жоспарлап көздеп отырмыз. Субсидия бөлінеді үкіметтен. Несиеміздің бір бөлігін болсын жауып беруге бізге көп көмек беріп жатыр.

Шет ауданында барлығы 1200 жеке қожалық болса, соның 20-дан астамы «Харекет» шаруашылығы тәрізді асыл тұқымды мал кәсібімен айналысады. Бұған  «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары өз септігін тигізуде. Биыл осы жобалар арқасында 300-ге жуық мал басы ауданға әкелінетін болады.

Мақсат ЖУМКИН Шет ауданы әкімінің орынбасары

Жыл басынан берген жоспар 9 кооператив ашу болатынды. Бірақ бүгін біз 10 нан артық кооператив аштық. Олардың 3 еуі толықтай несиеленді. Яғни малдарын алды. 100 млн.-нан артық ақшаны «Қаржылай қолдау қорынан» игеріп отырмыз.

Бұдан бөлек аудан шаруашылықтары «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгро» АҚ және «Ағадыр көмек» серіктестіктері ұсынған жеңілдіктерді де кеңіненпайдалануда.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар