«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ» - 2017

19:14, 13 қыркүйек 2017

Қарағанды облысында енді мемлекеттік тілдің - мекемелерде қолданылу деңгейіне мониторинг жүргізілетін болады. Ол үшін үйлестіру орталығы ашылуы тиіс,-деді аймақ жетекшісі Ерлан Қошанов облыс әкімінің дәстүрлі «Тіл жанашыры» сыйлығын тапсыру салтанаттында. Биылғы байқауда 7 аталым бойынша үздіктер анықталды

Салтанатты  шараға кілең тіл жанашырлары жиналғандықтан облыс әкімі Ерлан Қошанов салмақты ой тастап, нақты тапсырма берді. Алдымен жаһандану заманында ағылшын тілін білудің және латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды. Ал мемлекеттік тілді меңгеруге асыққандармен оны  үйрету жолына мониториг жүргізетін орталық ашу керек деді. Сонымен қатар Қазақ тілі қоғамының жұмысын жандандыруға ерекше көңіл бөлді.

Ерлан ҚОШАНОВ  Қарағанды облысының әкімі

Бұдан бөлек, айтуға тура келіп тұр, облыстағы Қазақ тілі қоғамы 3 жыл болды, кеңсесіз жүр. Баспана неге әлі жоқ?! Бұл сонда қандай жанашырлық біздің тарапымыздан?! Орынбасарым, мен бұдан бұрын сізге айтқан едім ғой. Созып жүріп алмай, 1 аптаның ішінде шешіңіз . Қазақ тілінің болашағы дегенде, осы екі негізге ерекше көңіл бөлуіміз қажет: үйреніп және үйретіп жатқандарға.  «Тіл жанашырының» негізгі мақсаты осы болуы тиіс. Бұл – менің жеке ойым, жеке көзқарасым,-деді.

Биылғы «Тіл жанашыры» байқауында  7  жеңімпаз анықталды.  Осы жолы «Жас полиглот», «Тіл білгірі», «Мемлекеттік тіл - бизнесте» атты жаңа аталымдар пайда болған. «Нұр Әсем» сән  үйінің директоры Венера Исина «Мемлекеттік тіл - бизнесте»  номинациясы бойынша үздік шықты. Себебі-өнерлі ұжымның тігетін ұлттық нақыштағы киімдері әлемге жақсы таныс. «Үздік телехабар» аталымы бойынша облыстық «Қазақстан –Қарағанды»  теледидарының редакторы Руслан Тұрсынғалиев   топ жарды. Журналистің республикалық ұлттық арнада жариялап жүрген бейнематериалдарымен қоса «2050», «Тікелей эфир» хабарлары қазылар алқасының көңілінен шыққан. Ал байқаудың Бас жүлдесі 1 млн  теңге көлеміндегі сыйлық «Тіл майталманы» аталымын жеңіп алған облыстық «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары,   Ерсін Мұсабековке   бұйырды. Қарымды қаламгер көп жылдар бойы бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі қазақ тілін насихаттауға ден қояды.  Қара сөздің қазанында қайнаған журналистің газет беттеріне шыққан мақалалары тіл бұзғандарды тәубәсіне түсіріп жүрген жайы бар.  Облыс әкімінің жыл сайынғы «Тіл жанашыры» сыйлығына  6 жыл ішінде 223 үміткер құжат тапсырыпты. Ал биыл 32 адам өз бабы мен бағын сынап көрді. Нәтижесі жоғарыдағыдай.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

 «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы да өзінің 22 жылдық мерейтойын атап өтуде
18:29, 20 қараша 2017
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы да өзінің 22 жылдық мер...
Толығырақ...
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Шағын жинақты мектептерді дамытуда Қарағанды облысының тәжірибесі еліміз бойынша тиімді деп танылған
18:28, 20 қараша 2017
Шағын жинақты мектептерді дамытуда Қарағанды облысының тәжір...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Биыл Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған адамдар саны 100 ден асады
14:21, 16 қараша 2017
Биыл Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған адамдар...
Толығырақ...
2017 жылдың 15 қарашасынан бастап елімізде  латын қаріпінде сауатылықты арттыру мақсатында республикалық акция  басталды
17:28, 15 қараша 2017
2017 жылдың 15 қарашасынан бастап елімізде латын қаріпінде...
Толығырақ...