Тіл мен дәстүрді сақтау - негізгі міндет

Бұл әлемнің дамыған елдер қатарына қосылу үшін алға қойылған мақсаттың бірі -дейді, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері

16:59, 21 сәуір 2017   337

Сапалы білім мен халықтың рухани байлығы кез келген мемлекеттің дамуы үшін аса маңызды.  Президенттің бағдарламалық мақаласы  қоғамдық және  рухани-мәдени жаңғырудағы ілкімді жобалардың негізі болмақ. Қарағандылықтар ұлттық мәдениетімізді сақтау, латын әрпіне көшу, «Туған жер» патриоттық бағдарламасын жүзеге асыру ұтымды ұсыныстар деп санайды.

Вилен МОЛОТОВ-ЛУЧАНСКИЙ, ҚХА облыстық ғылыми-сарап тобының жетекшісі

Ұлттық сананы жаңғырту, саяси, экономикалық дамудан да қарқынды жүргізілуі керек. Бұл әркімнің өзін –өзі, және қоғам болып жұмыс істеуі керек деген сөз. Сондықтан бұл жерде бүгін, аймақтағы қоғам көшбасшылары бас қосты. Олар ғылым мен тәжірибеде және бизнес саласының өкілдері, және туған  жерді түлететін елжанды азаматтар.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын сарапшылар жаңа дәуір идеологиясын қалыптастыруда ауқымды бағдарламалық құжат деп баға беруде. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруда этно-мәдени бірлестіктердің рөлі ерекше деп есептейді, Қазақстан Халық Ассамблеясының өкілдері

Виталий ТВАРИОНАС, «Литуаника» облыстық этно-бірлестігінің жетекшісі

Өскелең ұрпақ үшін бұл өте қажет. Жастардың  патриоттық сезімін қалыптастыру керек. Олар жаңа технологияларды меңгерулері тиіс, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін сақтаулары қажет. Бұл бағыттардың барлығын мемлекет басшысы алдымызға міндет қылып қойды.

Жалпы кездесуге қатысушылар бұл құжат, мемлекеттік  және ұлттық идеологияны дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді-деп есептейді. Олар бұл бағдарламалық құжатты қолдай отырып, өте уақытылы қабылданған шешім деген пікір білдірді.

Сейітқали ӘШІМ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25