ТӘУЕЛСІЗ БІРЛЕСТІК САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚҚА КІРІСТІ

16:36, 4 мамыр 2019

Қарағандыда азаматтардың «Аманат» тәуелсіз ерікті бірлестігі жұмысын бастады.Бірлестік Қазақстандықтарды әділ сайлау жүргізуге үгіттейді. Оның мүшелігіне қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сарапшылар сондай-ақ жастар енген

Алғашқы жиындары  22-ші сәуір күні ел астанасында өткен. «Аманат» тәуелсіз еріктілер бірлестігін құру жоспары алғашқы  басқосуда көтерілген. Бүгінге дейін бірлестіктің қарауына  250-ге жуық өтініш келіп түскен.Осы өтініш сараптала келе,сайлауға дайындық, сайлаушының құқығы жайлы ақпарат, әділдік таныту және  ашық болу сондай-ақ, іскерлік сипатында  5 тұжырымдама бекіткен.

Юрий ГУСАКОВ, Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі бюроның ҚФ директоры:

-Біздің жұмыс барысымыз штабқа тәуелді деп айтуға келмейді. Алайда, сараптау мен бақылау бойынша көмек көрсете аламыз. Мысалға сарапшылар сайлауға өзімен бірге жарық шам алып бару керек, себебі бюлитеньдерді санап жатқанда жарықтың өшіп қалуы мүмкін. Осындай  жағдайлар мұның алдындағы дауыс беру кезінде болған. Сонымен қатар бақылаушылар сайлау комиссиясының хатшысымен тиянақты жұмыс жүргізуі керек.

Жиын қортындысы бойынша Қазақстанның барлық аймағы мен әр сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылау орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар