ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУ ҚАЖЕТ

16:42, 18 қараша 2019

Қарағанды облыстық әкімдігінде, құқық бұзушылықтардың алдын алуға байланысты ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Облыс әкімі полиция қызметкерлері мен бірге жол қауіпсіздігі мен есірткіге және ұрлық-қарлыққа қарсы күресті күшейту тұрғысындағы атқарылып, жатқан жұмыстардың барысын талқылады

Облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин мырзаның айтуынша,  психикалық белсенді заттарды пайдалану едәуір азайған. Өкінішке орай, құрамында синтетикалық есірткі бар заттарға әуестену мен оны қолдану өзекті мәселе ретінде қалып, отыр..Бұл Қарағанды және Теміртау қалаларында  белең алған.   
Ерлан ФАЙЗУЛЛИН, облыстық ІІД басшысы:

  • Әкімдіктер мен тұрғын-үй коперативі иелері және қоғам өкілдерінің белсенділігімен осыны жою бойынша бірлескен жұмыстар жүруде.Бұл жұмысты одан әрі күшейте түсеміз

Департамент бастығы Ерлан Файзуллинннің айтуына қарағанда келесі аптадан бастап, оқу орындарында профилактикалық шаралар өтпек.Сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылып, интерактивті сабақтар жүргізілмек. Ол, нашақорлықтың алдын-алуға бағытталады. Ал, ұрлық-қарлық мәселесіне келер болсақ, соңғы жылдары мал ұрлығы жиілеген.

Әбіл ӘБІЛДИН, облыстық ІІД криминалды полиция басқармасының  басшысы:

  • Біз тоқсан сайын шұғыл-профилактикалық шаралар өткізудеміз.Ол, мал ұрлығына тосқауыл қояды деп, ойлаймын.Мал тасымалдаушыларды тексереміз.республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда мобильді топ жұмыс  істейді.Олар көлік құралдарын тексеріп,құжаттардың заңдылығын да, қадағалайды

Полиция қызметкерлері профилактикалық шара  ретінде, мал фермалары иелеріне өз қарамағындағы  төрт аяқтыларға  арнайы чип орнату  керектігін айтады.Ал, бейсауат жүрген малдарға арнайы қорған орнату қажеттігі де,айтылды.

Ерлан ФАЙЗУЛЛИН, облыстық ІІД басшысы:

  • Қараусыз малдар  жол бойында үлкен қауіп төндіреді.Көптеген,жол –көлік оқиғалары салдарынан адамдар қаза болуда.Бұл бейсауат жүрген малдардың жолға шығып, кетуі мен тығыз байланысты

Жолдағы қалыптасқан ахуал барысы да айтылды.Әр үшінші жол апаты жүргізушінің жылдамдықты шамадан тыс  арттыруы мен тығыз байланысты көрінеді.  Аймақ бойынша қосымша бейне-камералар орнатып,жылдамдық өлшегіш құралдарын құру қажет екені де, айтылды. Сондай-ақ, облыс бойынша 1000-нан астам жол белгілерін қою қажет екен.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

  • Жол белгілері жөнінде, нақты шаралар қажет.Бір апта уақыт беремін,нақты ұсыныс әзірлеңіздер

Облыс әкімі, құқық қорғау салысы қызметкерлері мен болған кездесуі барысында,аймақтың өңір әкімдеріне учаскелік пунктерді жабдықтаулары жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді, .   

Жеңіс  ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

  • Полицейлерге қолайлы жұмыс жағдайын тудыру үшін, тағы не қажет? Полиция департаментіне қала және аудан әкімдері мен бірлесе отырып,екі апта ішінде ұсыныс берулері керек.Аудандар бойынша жол картасын әзірлеңіздер  

Барлық туындаған мәселелер бойынша  облыс әкімі нақты тапсырмалар берді.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар