ТӘРТІП САҚШЫЛАР СЛЕТІ

13:27, 6 тамыз 2019

Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері 753 полиция қызметкері қылмыспен күресу жолында өмірін қиған. Оның 31 Қарағандылық. Бейбіт заманның батырларын еске алу және жас тәртіп сақшыларын жігерлендіру мақсатында Қарқаралыда облыстың түкпір – түкпірінен келген ел тыныштығын сақтаушылар басқосты

Слет бақилық болған полиция қызметкерлерін еске алудан басталды. Абыройлы борышын адал атқара білген ер азаматтарды елі ұмытпақ емес. Олардың құрметіне қаланың Орталық саябақта еске алу мемориалы ашылды.

Осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отырған сақшылар басқосуы бүгінде дәстүрге айналғандай. Шараға облысымыздың түкпір – түкпірінен келген жас полиция қызметкерлері, сондай – ақ осы саланың ардагерлері де қатысты. Жастар аға буын өкілдері айтқан келелі кеңестен өнеге алды.  

Өмірзақ БОЛСАМБЕКОВ, ҚР ІІМ ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-Өмір жолы, атқарған қызметтері үлгі осы кісілер сияқты сіздер де адал еңбек жасап, антты абыроймен орындап, әрқашан жоғарыдан көрініңіздер.

Патриоттық рухты асқақтатар елеулі шарада Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы ашылды. Осындай бастамалар арқылы ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиетті дарыту парызымыз - дейді ұйымдастырушылар.

Қайыркен ӘЛИЕВ, Қарағанды облысы ПД – нің бастығының орынбасары:

-Рухани жаңғырған жас мемлекетте өткен жандарға құрметпен, үлкен ізетпен қарап, тарихи тарлан тұлғалардың қайсарлықпен қаза болған сақшыларды ғасырдан ғасырға жеткізуіміз керек.

Қылмыспен күресу жолында аянбай тер төккен бүгінгі батырларды еске алу арқылы полиция қызметінің мәртебесі арта түскендей. Сондай - ақ, қоғам айнасына айналған тәртіп сақшылары игі бастаманы да естен шығармады. Ата – анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың жазғы лагеріне барып, бүлдіршіндерді түрлі тартулармен қуантты.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар