Темір тордың арғы жағындағы азаматтар жұмыспен қамтылуда

Аймағымыздағы түзеу мекемелеріндегі 1800-ден астам жазасын өтеуші еңбек етіп, тұрақты жалақы алып отырады. Нан пісіреді, метал құрастырады. Облыстық мәслихат депутаттары мұндай орындарда еңбек заңнамасы қаншалықты сақталады және өзге де сотталушыларды толық жұмыспен қалай қамтамасыз етуге болатынын білу үшін АК-159-7 мекемесіне барып қайтты

19:26, 17 наурыз 2017   280

Мына киім, жиһаз, сусын, күрек барлығы Қарағанды облысындағы 5 түзеу мекемесінде жасалады. Бұл көрмені АК-159/7 облыстық мәслихаттың Заңнамалық және азаматтардың құқығы бойынша комиссиясы үшін ұйымдастырған.

Депутаттардың мұнда атбасын тіреудегі негізгі мақсаты жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуын көру болатын. Сондықтан бірнеше цехтарды аралап көрді. Жеміс-жидектер концентратынан шырын жасайды. Жылына 5 мыңнан астам литр өнідерід. Ал, мында сүт өнімдері дайындалуда. Дайын өнім қылмыстық-түзеу жүйесінің мекемелеріне жөнелтіледі. 

Наталья РОМАНЦЕВА    АК-159/7 мекемесінің бөлім бастығы

Бұл аумақты 2015 жылы аштық. Оның өнімділігі – жылына 50 миллион теңге. 9 адам еңбекпен қамтылды. Ал №41 филалда 285 адам жұмысқа орналастырылды.

ал мынау жаңадан ашылған кәсіпорын. Тозған дөңгелектерді үгіәтіп, резина ұнтағын жасайды. Алдағы уақытта дизельді жанар-жағармай өндіріп, брусчатка жасау үшін арнайы құрылғы сатып алуды жоспарлаған. Сотталғандарды «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еңбекпен қамтыпты. Мұндай орындардағы өндірісті дамыту үшін, яғни бостандығынан айырылғандарға жұмыс беру үшін өнімді өткізетін орындар жоқтығы өзекті мәселе болып отыр.

Мәдениет БОЖБАНОВ   облыстық мәслихат депутаты

Бұл істе мемлекет пен жеке меншік жүйесі арқылы жұмыстар жүргізу қажет. Яғни жеке кәсіпкерлерді шақырып,қандай әріптестік форматын құру керектігін келіскен абзал. Өйткені, шығаратын өнім нарықта сұранысқа ие.

Облыстың қылмыстық-түзеу жүйесі департаментінің құрылымдарында 4700 адам жазасын өтеп жатыр. Оның басым бөлігі еңбекке жарамды. Ал ақылы жұмыспен әзірге 70 пайызы жұмылдырылған.

Асылбек ТОЙБЕК 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25