ТЕРГЕУ АНЫҚТАЙДЫ

17:39, 19 тамыз 2019

Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаты жұмыс орынында қалғып кеткен күзетшіні соққыға жыққандығы жайындағы ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқылануда

Бақтияр Қамзин депутат үйінде күзетші болған.Оның мәлімдеуінше, Бейбіт Досжан жұдырық жұмсап қана қоймай, көлігін сындырған.Даудың мән-жайын түсіндіру  үшін депутат бүгін журналистерді жинап комментарий берді.Оқиға 12 тамызда түнде болған.Депутаттың сөзінше,күзетшіні қауіпсіздік қызметінің бастығы ұрған.

Бейбіт  ДОСЖАН, Қарағанды  қалалық  мәслихаттың  депутаты:

-Мен түнгі 2:30 да Бақтияр Қамзин кезекшілік еткен үйімдегі № 1 – ші тұрағына кірдім. Сол уақытта ол ұйықтап жатыр екен, бейнебақылауға түсіріп, қауіспіздік қызметінің басшысы Марат Бекежановты және осы жауапты органның басшысы Мүслім Мұхамбетовты шақырттым. Олар екеуі жедел жетті. Мен оларға мәселені шешіңдер деп тапсырма беріп, кетіп қалдым. Таңғы сағат 6 – да итімді серуендетіп жүргенде ол маған келіп, жұмыста қалдыруымды өтінді. «Маған жолама!» - дедім. Бақтияр менде 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біртоға жігіт, зайыбым екеуміз оған өз баламыздай қарадық. Мен оған саусағымның ұшын да тигізген емеспін. Менің қауіпсіздік қызметі жөніндегі басшымды полиция бөліміне шақыртты. Ол барып арыз жазған.  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар