ТЕННИСТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ

14:35, 20 қаңтар 2020

Қарағандыда үстел теннисінен ҚР чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 180-ге жуық спортшылар қатысып, бақтарын сынады. Теннисшілер чемпионатта жекелей сында, командалық және жұптасып өнер көрсетті

Чемпионаттың негізгі мақсаты - ұлттық құрама ойыншыларын әлемдік жарыстар алдында  сұрыптап, баптарын бір бағамдау. Олардың қатарында Қарағанды спортшыларда аз емес.

Темірхан АБЫЛАЕВ,  спорт басқармасының басшысы:

-Бұл чемпионаттың маңызы зор.Олимпиада алдында спортшыларымызды бір бақылап алуға сеп болып отыр. Жалпы спорт ол тәрбие,білім және релдің рухы. Біздің өңірде бұл спорттың дамуына ықпал зор.Жыл соңына қарай жаңа теннис орталығын ашу жоспары бар.

«Жастар» спорт кешенінде өткен жарысқа сайдың тасындай іріктелген кіл мықтылар жиналды. Басым бөлігі шетелдік клубтарда өнер көрсетіп жүрген ойыншылар. Кирил Герасименко сынды еліміздегі халықаралық дәрежедегі жалғыз спорт шеберінің қатысуы - жарыстың көркін қыздыра түсті.

Дмитрий ПЕРЕВЕРЗЕВ, үстел теннисінен ұлттық құраманың аға бапкері:

-Соңғы жылдары Қазақстан лигасында Ресей спортшылары өнер көрсетіп жүр. Олар Қостанай,Ақтөбе және Нұрсұлтан клубтарында ойнайды. Ал, жоғарғы лигада Екатеринбург қаласынан әйелдер командасы өнер көрсетіп жүр. Бұл көрсеткіш елімізде үстел теннисінің дамып келе жатқандығының тағы бір айғағы.

Қарағандылық Зәуреш Акашева үшін биылғы чемпионат сәтті өтті. Аралас жұпта және жекелей сында чемпион атанды. Ең елеулісі Зәуреш ақпан айының соңында, Қытай елінде сары құрлықтың кубогын сарапқа салатын жарысқа шақырту алды. Айтулы жарыста ол орталық Азия елдерінің үздігі ретінде бағын сынайды.

Зәуреш АКАШЕВА, ұлттық құрама мүшесі:

-Аралас жұптан өткен финалдық кездесу оңай болмады. Нұрсұлтаннан келген Кирилл Герасименко мен Анастасия жұбына қарсы ойнадық. Алдын ала құрған тактикамыздың арқасында жеңіске жеттік. Бірінші кезекте жанкүйерлер алдында жерге қарап қалмас үшін барымызды салдық.

Осылайша спортшылар ұлттық құрама сапына іріктеу кезеңінің соңғы сатысын еңсерді. Енді олар арнайы жаттығу жиындарын өткеріп, наурыз айында Оңтүстік Кореяда болатын Әлем чемпионатына дайындықтарын пысықтайтын болады.

Ботабек МАРАТҰЛЫ, Ернұр ЖОМАРТ, Аман ХАМИТ 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар