ТЕННИС ТУРНИРІ

14:53, 6 желтоқсан 2018

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен республикалық ашық турнир өтті.Спорт шарасына арбаға танылған мүгедектер қатысты.

Осымен 4-ші рет өткізіліп отырған үстел теннисі бойынша спорттық жарысқа републиканың түкпір-түкпірінен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.Арбаға танылғандар арасында спорт шеберлері мен үміткерлеріда бар.Екі күнге жалғасқандодада 9 команданың 21 спортшысы өздерінің шеберліктерін көрсетіп бақты.

Жанат ЖҰМАБЕКОВ, облыс бойынша мүгедектер спортмектебі жетекшісінің орынбасары:

-Осы сайысты тәуелсіздік мерекесіне арнадық.Бұл республикалық деңгейде өтіп жатыр.Оған Ақмола,Атырау,Қостанай,Шығыс Қазақстан,Павлодар,Қарағанды облысының спортшылары қатысуда

Теннистен спорт шебері Дархан Тілемісов Қарағанды облысы бойыншареспубликалық  ұлттық  параолимпиада комитеті филиалының басшысы. Олаталған спорт түрінің қыр-сырын жете меңгергендердің бірі. Биылғы додаға өзі де қатысты. Спорт – сергектік пен денсаулық кепілі. Әсіресе мүгедек адамдарды бірлесе қимылдауға, жеңіске  ұмтылуға, ауызбіршілікке баулиды, дейді ол.

Дархан ТІЛЕМІСОВ, Республикалық  Ұлттық  параолимпиада комитетінің ҚОФ директоры:

-Бұл сайыс осымен төртінші рет өткізіліп отыр.Оған 21 спортшы қатысуда.9 команда да,әдемі ойын үлгісін көрсетуде.Олар үстел теннисі бойынша ашық турнирде шеберліктерін танытты

Сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталды. Бастысы,бұл турнир табандылық пен қайратты қажет ететін спортта шектеу болмайтынын айғақтағандай.  

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...