«ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ»

17:44, 8 тамыз 2019

Қарағандыда Прокурорлар қызметтік формаларын спорттық киімге алмастырып сайысқа түсті. Еліміздің бес аймағынан келген әуесқой спортшылар гір тасын және штангы көтеру, турнике тартылу мен қоссырықта кім мықтыны анықтады

Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстанмен Қостанай облыстарынан келген  прокуратура органдарының өкілдері Қарағанды төрінде сынға түсті. Бес облыстың әуесқой спортшылары салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген. 

Марат СЕКСЕМБАЕВ, Қарағанды облысының прокуроры:

- Негізгі мақсат көпке үлгі бола білу. Мемлекет басшысыда бұқаралық спортты дамыту арқылы ел болашағын жарқын етуді меңзеген болатын. Біздер құқық қорғау саласының өкілдері әрдайым спортқа жақын болып жастардыда спортпен айналысуға шақыруымыз керек.

Акмаль Маткаримов жарыстың төрешісі. Ол құқық қорғау саласының өкілдері арасында өткен жарыстарға талай мәрте қазылық еткен. Акмальдың айтуынша жарыстағы әуесқой спортышылардың көрсеткіштері жаман емес көреніді.  

Акмаль МАТКАРИМОВ, жарыс төрешісі:

-Спортшылар жақсы нәтиже көрсетуде. Әр қайысының дайындықтары жақсы. Менің ойымша тек қана құқық қорғау саласының өкілдері ғана емес барлық саладағы ержігіттер физикалық тұрғыдан мығым болулары тиіс.

Жарысқа қатысушылардың әрқайыссыда жеңістен дәмелі. Солардың бірі Төлеубек Рымбаев. Спортты сенімді серігі санайтын ол Сәтпаев қаласынан келіп сынға түсуде.  Сөзбен ғана емес іс жүзінде де құқық қорғау саласының өкілдері көпке үлгі бола білу керектігін айтады. 

Төлеубек РЫМБАЕВ, Сәтпаев қаласының прокуроры:

-Әр дайым спортпен айналысып жүремін. Пауэрлифтингпен шұғылданғаныма 6 жыл уақыт болған еді. Төрт ұлым бар төртеуіде спортқа жақын. Жүмыстағы әріптестерімде әрдайым спортпен шұғылданып жүреді.

Айта кету керек аймақ аралық республикалық деңгейдегі жарыс бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққандарға естелік медальдар арнайы алғыс хаттар табысталды.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар