ТЕНДЕР ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

17:26, 12 ақпан 2019

Мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгерістер енгізілді

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану қызметі ақылы түрге ауысты. Бұл туралы үкіметтік емес ұйымдар мен қала және аудан  жастар ресурстық орталықтары өкілдерінің қатысуымен өткен арнайы семинарда айтылды.

Заңдағы ең негізгі жаңалық - мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдаланудың ақылы түрге ауысуы. Яғни, ендігі үкіметтік емес ұйымдар жасалып отырған шарт негізінде жылына бір рет қызметтің құнын төлеулері тиіс.

1 миллионға дейін – 1АЕК

10 миллионға дейін – 10 АЕК

100 миллионға дейін – 20 АЕК

1 млрд. – 60 АЕК

Жарна бағасы 1 млн ға дейін –  жылына 1 айлық есептік көрсеткішті ал 10 млн ға дейін – жылына 10 айлық есептік көрсеткіш, 100 млн ға дейін 20 айлық есептік көрсеткіш болса 1 млрд теңгеге дейін жылына 60 айлық есептік көрсеткішті құрайды.  Ал егер, шексіз сома болса – жылына 122 айлық есептік көрсеткіш төлеу міндеттелген.

Мирас ҚҰТТЫБАЙ, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы

-Қазіргі танда мемлекеттік, әлеуметтік сатып алу көздерінде қандай өзгерістер бар, заңда қандай өзгеріс бар, осының барлығын түсіндіру үшін біз үкіметтік емес ұйымдарды оқытып жатырмыз. Яғни, олар біз жүргізген шараларға дұрыс қатысу үшін. Ең бірінші олар құжаттарын дұрыс тапсыру қажет.

Мемлекеттік сатып алудағы ерекшеліктер мен салаға енгізілген заң өзгерістері туралы айту мақсатында арнайы сарапшы шақырылды. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік сатып алуда кездесетін проблемалардың шешу жолдарына тоқталды. Айтуынша, сатып алу тәртібіне енгізілген өзгерістер – тауарлар мен қызмет көрсету сапасын жақсартып, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең тиімді тәсілі,-дейді ұйымдастырушылар.

Эрик ЕЛЬКЕЕВ,  мемлекеттік сатып алулар саласындағы сарапшы маман

-Бүкіл мемлекеттік сатып алу жүйесі электронды тәсілге көшірілді. Ешқандай қағаз, құжаттар жоқ. Демек, бұл уәкілетті өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің арасында ешқандай қарым-қатынас болмайды.

Эрик ЕЛЬКЕЕВ , эксперт практик в сфере государственных закупов

Семинарға үкіметтік емес ұйымдар мен қала және  аудан жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты. Айта кетелік, мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өнім берушілер goszakup.gov.kz порталына кіріп толық ақпаратты сол жерден ала алады.

Айдана ДАСТАН 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
17:15, 19 сәуір 2019
ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар