ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӘУЛЕТІ

15:44, 23 қыркүйек 2020

Ағадыр кентінде шетелдік электровоздарды арнайы сынақтан өткізіп рекорд жасаған жоғары дәрежелі машинист нұсқаушы тұрады. Осыдан бірер жыл бұрын Нұрлан Сейітов еліміз бойынша бірінші рет жаңа үлгідегі техниканының төзімділігін анықтауға атсалысқан. Бұл жетістіктің артында әкеден балаға дарыған осы салаға деген адалдық жатыр

Мамандар пікірінше жылдан жылға жүк және жолаушылар тасмалдайтын теміржол саласы қарқынды дамып келе жатыр. Мәселен, қазіргі таңда шетелдік электровоздарды елімізде құрастырып арнайы сынақтан өткізеді. Жаңа үлгідегі техникаларды тексеру  білікті мамандарға ғана жүктеледі.

Нұрлан СЕЙІТОВ, машинист нұсқаушы:

-Біздің мына Мойынты мен Киіктінің ортасында тік жол бар. Пойыздарды тексеретін  арнайы полигон 47 шақырымды құрайды. Сол жерде жаңадан шыққан КЗ 4 АТ деп аталатын Франциялық жолаушылар пойызын сынақтан сәтті өткізіп сағатына 200 км көрсеткішімен рекорд жасадық. Нәтижесінде біздің мына темір жолымыз, тоқ жүйесі барлығы шыдас береді деген тұжырым жасалды.

Нұрлан Сейітов- Ағадыр кентінің тумасы осы жерде өсіп өнген азамат. Саналы ғұмырының 40 жылға жуығын шойын жолдың бойында өткерді. «Тепловоздың гудогі, темір доңғалақтардың гүрсілі бала кезімізден құлаққа таныс» -дейді. Себебі, ол әкесіне еріп жүріп, мұндағы тынымсыз тірлікті көзбен көріп,көкейге түйіп ержетті.

Нұрлан СЕЙІТОВ, машинист нұсқаушы:

-Қызығып әкем жолымен осы салаға келдік. Бала кезден осы маңайда ойнап жүріп өстік.Көрдік.Қазақта «әкең өлседе әкеңді көргендер өлмесін» дегендей осында үлкен еңбек ардагерлері бар сол кісілер осындай жұмыс істеді.Тәжірибелі мамандардан оқып, тәлім тәрбие алдық. Бүгінде сол кісілерден білгенімді жастарға үйретіпсолардың өсіп өнгеніне атсалысып жерген азаматтың бірімін.

Әкесі Ахмедия 24 жыл теміржол саласында табысты жұмыс атқарды. Ал, Нұрлан Сейітов 1979 жылы машинисттің көмекшісі қызметінен еңбек жолын бастайды. Кәсіпке деген адалдығының арқасында сатылап өсіп, бұл күндері жоғары дәрежелі машинист инструктор қызметіне жетті..

«Әке көрген оқ жонар» демекші бұл кұндері туған інісі Еркебұлан және ұлы Данияр да осы салада қызмет көрсетіп жүр. Екеуіде локоматив депосында машинст.

Данияр СЕЙІТОВ:

-Әрине әкемнен көп дүние үйрендім.Маған машинист болған ұнайды. 2006 жылы оқу бітірген соң машинисттің көмекшісі болып қызмет бастадым. 2009 жылы машинист болдым қазіргі таңда 2 дәрежелі машинистпін.

Сейітовтар әулетінің әр мүшесі теміржол саласының бейнеті мен зейнетін көріп өсті. Атакәсібі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан үлкен шаңырақта қазіргі күні үшінші буын осы теміржол саласына қызмет қылып жүр.

Ботабек ТІЛЕГЕНОВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар