ТЕМІРТАУ. СӘЛЕМ, НАУРЫЗ!

18:28, 22 наурыз 2019

Күн мен түннің теңеліп, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміт күтен Әз Наурыз Теміртауда кең көлемде аталып өтті. Негізгі мерекелік шаралар Орталық саябақта ұйымдастырылды. Қаладағы өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Құрыш қалада биыл Наурыз мейрамы «Көктем мен жастық» мерекелік  шеруімен ерекшеленді. Оның құрамында құрышты қаланың белсенді жастары, студенттер мен оқушылар бар.  Орталық көшелердің бірінен бастау алған керуен  орталық саябақа дейін келіп жетті. 

Ғалым ӘШІМОВ, Теміртау қаласының әкімі:

- Бүгін өте маңызды күн. Наурыз мерекесі өте ерекше күн, өйткені күн мен түннің сәйкес келген күні. Әр отбасына құт береке, амандық тілеймін.

Басты сахнада көрермендер назарына «Наурыз-ақ батаның бастауы» атты театрландырылған музыкалық көрініс ұсынылды.  Сахна төрінде  Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі, «Тарланс» этно тобы өнер көрсеттті. Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік әншілерінің орын­дауын­дағы тамаша әндер де мерекені әрлендіре түсті.

Мерекелік іс-шара барысында қазақы үлгіде әспеттелген киіз үйлер тігіліп, атадан-балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлер дәріптелді. Спортшы қыз-жігіт­тердің өнеріне барынша құрмет көрсетілді. Этноауыл аумағында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады.

Қолөнер шеберлері бұйымдарының сатылымы мен көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар легі кешке дейін жалғасты.  Мәдениет сарайының сахнасында қазақ мәдени орталығының өнер ұжымы мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды.

Райхан САЙРАНБЕК

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар