ТЕМІР ЖОЛҒА ӨТКЕЛ КЕРЕК

16:50, 13 қыркүйек 2019

Жаңаарқа ауданында ондаған тұрғынның өмірін қиған шойын жолға өткел жасау қиындыққа соғып отыр. Мәселені құзырлы ұйым өкілдері білгенімен, олар сыныққа сылтау айтып келеді. Ал, тұрғындар болса, балаларын пойыздың астынан өткізіп, бастарын қауіпке тігуде. Ашуға булыққан дүйім жұрттың талабы біреу ғана

Мына шойын жолдан соңғы екі жылда ондаған адамның өмірі қиылған. Тіпті, тепсе темір үзер атпалдай жігіттер мүгедек болып қалған. Халықтың ызасын тудырған мәселені тұрғындар бірінші жыл қозғап отырған жоқ. Мұны әкімшіліктегілер де жақсы біледі. Алайда, халықтың қауіпсізідігін жасауға асығар емес.

Елубай КӨПБАЕВ, Аппаз кентінің тұрғыны:

- Мына шойын жол өте қауіпті. Көрші азамат жұмысқа асығып бара жатып, аяғын поезд басып кетті. Одан тағы бір екі жігіт қаза тапты. Біреуі мүгедек,  протезбен жүреді. Осыны біз бірнеше рет арыз беріп, жол бойының мекемелеріне айттық. Ешқандай өзгеріс жоқ.

Абылай ДЕМИСИНОВ, Аппаз кентінің тұрғыны:

- Жаңаарқаның жарты халқы күнде вагонның астынан өтеді. Мына кезде аяғын кесіп, өліп жатқан балалар көп. Осының кесірінен. Не тунель жоқ, не көпір жоқ. Мына жақта екінші переезд. Онда жарты сағат поезд отправка жасайды. Стрелканы ашқанша бір сағат өтеді. Переезд біреу ғана. Ал, біз жедел жәрдем шақырамыз. Ол переезде екі сағат тұрады. Адам өліп кетеді оғанға дейін.

Аппаз кентінің бүлдіршіндері мектепке бару үшін, дәл осы шойын жолдан өтеді. Кейде қаз қатар тізілген вагондар түске дейін тұруы мүмкін. Сондықтан асыққан тұрғындардыңвагонның астымен өтуден басқа амалдары қалмаған.

Жанат СЫЗДЫҚОВА, Аппаз кентінің тұрғыны:

- Көзі ашық адамдар ғой. Біз мына жердегі переезден өтеміз. Қиыншылықтарға душар боламыз. Ал кішкентай балаларымыз жаяу өткен кезде моневрден өте алмайды.

Жылдар бойы шешім таппай келе жатқан мәселеге қатысты біз Жаңаарқа ауданы әкімшілігіне бардық. Бірақ халыққа жан ашыған аудан әкімінің қарасын көрмедік. Алайда, құрғақ шөппен ауыз сүрткен орынбасарына сұрақты төтесінен қойдық.

Бақытжан МҰҚАНОВ, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары:

-Оған мен жауап бере алмаймын. Көпірді салуға біраз уақыт кетеді. Бюджеттік өтініш болады. Бюджеттік кодекс бойынша біраз нәрселер қаралады. Егір ҚТЖ бізге сол жерді беріп, сол жерге сіздер жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеңдер деген жағдайға біз жасауға дайынбыз. Аталған жұмыстарды жандандырамыз.

Мәселенің нақты түйінін қою үшін, біздің редакция Нұрсұлтан қаласындағы  Қазақстан темір жолдары ЖШС де хабарласты. Енді аздаған уақытта көпірдің немесе өткелдің салыну, салынбауы айтылу керек.  Сондықтан, Жаңаарқа ауданының тұрғынына алдағы уақытта жауабын беретін боламыз.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар