ТЕЛЕГЕЙ ТАРИХ ӨЛКЕСІ

16:02, 9 тамыз 2017

Қарағандыда «Музейлер апталығы» аясында Ақтоғай ауданының археологиялық-этнографиялық мұражайы құнды жәдігерлерінің көрмесі өтуде

Ақтоғай ауданы «Музей апталығына» тыңғылықты дайындалып келіпті. Шағын концерттік бағдарламамен шара шымылдығын түріп, белгілі тарихшылар ой тарқатты. Ал, көрермендер назарына 200- ден астам жәдігерді ұсынды. Оның ішінде Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қорымы мен ол жерлерден табылған тарихи заттар, қазбалардан алынған кен қорытпалары, көне дәуірде  кен қорытқан пештен алынған  мыс қалдықтары, ауданда орнатылған түркі дәуіріндегі тас мүсіндерінің суреттері бар. Алаш қозғалысының 100 жылдығына қатысты ақпарат та ауқымды.

Тәбәрак ЖАРМАҒАМБЕТОВ Ақтоғай ауданының археологиялық-этнографиялық мұражай директоры

Әлихан Бөкейхановтың, Жақып Ақбаевтің, Әлімхан Ермековтің аттарын мақтанышпен айтуға болады. Сол кісілердің алғаш «Алаш» партиясын құрып, оның төрағасы болған сондай-ақ, 17-ші жылғы желтоқсан айында ұлттық-территориалдық автономиясын құрған Әлекеңдердің 100 жылдығы тойланып отырған «Алаш» партиясының жасаған жұмыстарына қатысты дәйекті материалдармен танысуға болады.

Сондай-ақ көрмеде қарағандылықтар этнографиялық құндылықтармен де таныса алады. Ұзақ жылдан бері сақталып келе жатқан ұлттық нақыштағы ат әбзелдері, ыдыс-аяқ, музыкалық аспаптар, киімдер көрменің көркін ашқан.  Ақтоғай өлкесін мекендейтін жануарлар жайлы ақпарат алып, табиғатымен танысуға болады. Ауданның құрметті азаматтарының жетістіктері де көрмеде айтылды.

Дәурен ЖҮСІПОВ облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері

Ақтоғай ауданы тарихиы терең мекен деуге болады.  Көрмеде Нүркен Әбдіров, Күләш Бәйсейтова туралы мәліметтер мол. Қала тұрғындары үшін көрме өте қызықты. Өйткені, өңір туралы барлық мәліметтер бар.

Ақтоғай ауданының археологиялық-этнографиялық мұражайы 1986 жылы ашылған. Ә.Марғұлан зерттеген Беғазы Дәндібай мәдениеті мен сол кездегі адамдардың тұрмысын, өмірін дәлелдейтін Ақсораң, Бектау ата, Әулие ата таулары аудан аумағында орналасқандықтан музей археологиялық бағытта жұмыс істейді. Ал, Қарағандыда көрме 14 тамызға дейін жалғасады.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...