«TELEBINGO» - САТЫП АЛ! ОЙНА! ҰТ!

16:52, 12 желтоқсан 2018

Жаңа жыл қарсаңында елімізде жаңа форматтағы «TeleBingo» ойыны басталмақ. Лотерея 22 желтоқсаннан бастап әр сенбі сайын «7 арнадан» тікелей эфирде ойнатылады. «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереяоператоры ойлап тапқан бұл бингоның бұрынғыдан ерекшелігі қандай? Апта сайын кімдердің миллионер атануға мүмкіндігі бар?

«TeleBingo». Бұл тікелей эфирде өтетін 40 минуттық лотерея. Еш жерде аналогы жоқ тираждық ойын 1-ден 90-ға дейінгі номерленгеншарлардың көмегімен жүргізіледі.Дәл осы модель қазақстандықтардың қабылдауына оңай әрі түсінікті.Ойын 7 турдан тұрады. Сондықтан, ұтыстар өте көп болады,-дейді мамандар.

Александр ТЕН,    «Сәтті жұлдыз» АҚ Президенті:

-Бізде апта сайын миллионер болады. Бұған қоса «Super Bingo» деген жаңа ұғым енгіздік. Ол бұрынғы джекпот сияқты. Бірақ, одан ерекешелігі «Super Bingo» сомасы әр алты тираж сайын міндетті түрде ойнатылып отырады. Яғни, әр бір жарым ай сайын ойыншылардың 50 млн теңгеге жуық   супер бингоны ұтып алуына мүмкіндік бар./

«TeleBingo»концептуальды екі бөлімнен тұрады. Біріншісі ұтыс ойыны болса, екіншісі студиядағы шоу. Яғни, бағдарлама жүргізушілері Тахир Сұлтан мен Әния Байораз жыл бойы еліміздегі «Ең жолы болғыш адамды» іздейді. 54 апта ішінде 300-ге тарта қазақстандықтың студияда өтетін шоуға қатысып, түрлі сайыстардан жеңіп шығуына мүмкіндік бар. Шоудың ерекшелігі сол -жеңімпаздар тек сәттілік арқылы таңдалады.

Тахир СҰЛТАН,    «TELEBINGO» жүргізушісі:

-Жолы болғыш ойынында көптеген қызықты ойындар болады. Бұл жерде өзінің бағын сынап ұтысқа ие бола алады. Сонымен қатар жылдың соңында барлық әр аптадан жеңіске жеткен қатысушылар ертең жылдың соңында үлкен ойынға қатысып сол жерден супер ойынның жүлдесін ала алады.

Әния БАЙОРАЗ,    «TELEBINGO» жүргізушісі:

-Жолы болғыш азамат ең соңында оынң алдында жеті түрлі жаңағы сыйлыққа ие болуы әбден ықтимал. Оның ішінде ең бастысы автокөлік, 1 млн теңге. 100 мың теңге. және де тұрмыстық техника мен жылы жаққа жолдаманы ұтып алуына болады.

«Жолы болғыш адам» шоуына қатысушылар «TELEBINGO» сөзін осы бастан 5290 номеріне жіберіп, кездейсоқ іріктеуден өтуі қажет. Ал, лотореяның алғашқы тиражы 22 желтоқсан күні басталады. Кешкі сағат 20-00-де 7 арна арқылы жарқын эмоциялар мен алғашқы мега-сыйлықтар көрерменге жол тартады. Билеттер қазірден бастап сатылымда. 1 билеттің құны 300 теңге.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар