ТЕЛЕАРНА ДИКТОРЫ

18:48, 15 сәуір 2019

Алпысыншы жылдары телекөрермендердің сүйіктісіне айналған, көгілдір экранның көркі болған Светлана Тарасова бүгін сексен жасқа толып отыр. Оның келбетінен бөлек, қоңыр үнді дикциясына –талай рет қарағандылықтар тамсанған еді

Светлана Тарасова – облыстық телеарнаның алғашқы күнінен жұмыс жасаған. 1958 жылы Кеншілер күніне арналған кино бағдарламалар көрсетіле бастады.  Сол кезде   келбетті диктор көрермендердің назарына бөленді.

Майя ПРИВАЛОВА, Қарағанды телеарнасының  редакторы 1968 – 1994 ж.ж.:

-Света қайталанбас тұлға болды. Ол неге әр үйдің туғанындай болып кетті? деген сұрақ әрине орынды.  Диктор болуға жаралған адам. Ол материалға тек қана ой салмаған, оған жанын салған тележүргізуші.

Светлана Ивановнаның - негізгі бітірген мамандыңғы заңгер. Бірақ, журналистика саласына кездейсоқ келген. Телеарна студиясына  диктор керек деген хабарламаны бірден көріп, бағын сынамақ болған. Жанына жақын келген мамандық өмірлік болып қала берген. Хабардыды жанымен, сезініп, шынайы жүргізген дикторды аңғарған қарағандылықтардың ішінде Тоқтар Әубәкіров та бар.

СВЕТЛАНА ФИАЛКОВА, Қарағанды телеарнасының  редакторы 1985 – 2000  ж.ж.:

-Тоқтар Әубәкіров біздің телеарнаның және оның дикторы Светлана Тарасованың жүргізгені ұнайтынын айтқан еді. Аққұба болған жүргізушіні құрметпен күтіп алып, соның көрермені болатын.

Светлана Тарасовға жүктелген жұмыс өте көп болған. Оның ішінде  жаңалықтарды оқып, бағдарламаны жүргізген. Одан бөлек хабар қонақтарымен әдемі сұбаттаса білетін. Көтерген тақырыптар туралы  ұшқырлы ой айтып, көрермендердің ықыласына бөлене білді. Ол кезде  тәулігіне он алты сағатқа дейін дикторлар еңбек ететін. 

Майя ПРИВАЛОВА, Қарағанды телеарнасының  редакторы 1968 – 1994 ж.ж.:

-Ол Қарағанды қаласы үшін жанын берген жан. Оны көрермендер бірден байқаған. Кейіпкерлерімен бірге жанын салған диктор – олармен бірге қайғысы мен қуанышын да сезінген.

Эфирде екі жылдан астам уақыт қызмет атқарғаннан кейін Светлана Тарасованың атына көрермендер тарапынан түрлі хаттар түсе бастады. Кейбіреулері көмек сұрайтын. Сол кезде Светлана Ивановна диктор емес, заңгер ретінде қолынан келген ақыл –кеңестерін аямайтын.. Ал, 1974 жылы  семья жағдайымен Алматыға жол тартты. Ол жақта «Алматы және алматылықтар» атты хабарын жүргізді. Бүгінде  ардагер диктор еңбегінің зейнетін көріп, халықтың шексіз құрметіне бөленуде.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар