ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК

16:43, 17 қыркүйек 2020

Теміртау қаласының жұмыссыз тұрғындарына жаңа мамандықды тегін алуға мүмкіндік бар.Қазірдің өзінде қысқа мерзімді курстарға 286 адам жіберілген.Мұндай оңтайлы іс-шара "Еңбек"мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып отыр

 29 жастағы Мәрлен Баймырзаев - Теміртау қаласының тұрғыны. Бұрын ол металлургия өндірісінде жұмыс істеген. Алайда, Мәрлен елдегі қиын кезеңде  қысқарып, жұмыссыз қалған. Үйде қол қусырып отырудан пайда болмайтынын түсініп, жұмыспен қамту орталығына тіркелген еді.Қазір ол спорт-жаттығу залында фитнес-нұсқаушы болып қызмет атқарады. Мәрленнің айтуынша, оның спортқа деген икемділігі  жаңа мамандықты тез игеруіне мол септігін тигізіпті.

Мәрлен БАЙМЫРЗАЕВ, Теміртау қаласының тұрғыны:

-Алдымен өз лауазымым бойынша жұмыс іздедім. Бірақ кейін маған фитнес-нұсқаушыға қайта оқуға мүмкіндік бар екенін хабарлады.Өзімнің шешімім бойынша осы мамандықты оқуға бел будым.  

Теміртау қаласының жұмыссыз тұрғындарына қысқа мерзімді тегін оқу көп мүмкіндік беруде.Мысалы жаңа мамандық алушылардың басым бөлігі - есепші, іс жүргізуші,менеджер,нұсқаушы, шаштараз, және тігінші сияқты мамандықтарға қызығады екен.Ал жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша,Теміртауда еңбек нарығына сәйкес,электргазбен дәнекерлеуші токарьлар мен автоэлектриктер жетіспейтін көрінеді.

Әсел ӘЛЖАНОВА, Теміртау қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Бүгінгі таңда Теміртау қаласында 286 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді. Басым бөлігі курсты қазан айында аяқтаса, қалғаны – ағымдағы жылдың соңында бітеді. Қысқа мерзімді оқыту үш айды , ал  фитнес нұсқаушысы-төрт айды құрайды.

Бүгінде Теміртау қалалық  жұмыспен қамту орталығында шамамен 1 400 адам жұмыссыздар есебінде тұр.Олар кәсіптік оқытуды "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында тегін алуда. Мұнда арнайы оқып жатқан  қатысушыларға 20 949 теңге мөлшерінде шәкіртақы және медициналық тексеруден өтуге 2 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар