«ТЕГІН» ДҮКЕННЕН 32 ОТБАСЫ КӨМЕК АЛДЫ

14:08, 4 мамыр 2019

Парламент мәжілісінің депутаттары Шет ауданындағы аз қамтылған және көп балалы отбастарымен кездесіп қайтты. Онда олар екі ай бұрын ашылған «тегін» дүкеннің жұмысымен танысты

Шынымен де  , тегін азық- түлік,талғамға сай киім- кешек.Мұның бәрі аудан бойынша тіркеуде тұрған 32 отбасына әлеуметтік жәрдем көрсететін дүкенде. Сонда тегін сыйлық кімнен және қалай келді Ең бастысы қаражатты кім төлейді деген  сұрақтар әуелден  мәжіліс депутатын мазалапты.

Аудан тұрғындарының хал –жағдайын өз көзімен бақылауға келген халық қалаулысы Майра Айсина одан кейін  аналарға сұрақты төтесінен қойды.

Айнаш АҚАЕВА, Шет ауданының тұрғыны:

-Мүгедек балам бар. Сол балама осы қайырымдылық қор есебінен осы кісілер көмектесіп, Ресейден келген Бачановский дәрігеріне баламды екі рет көрсетіп әкелдім. Енді міне ай сайын осы дүкеннен өзіміздің керекті , қажетті киім кешекті, аяқ киімді алып отырмыз. Азық – түлігімізді алып отырмыз.

Сондай-ақ ,алтын алқаның иегері Гүлжазира Жүнісова да  жеті баласына арнайы әлеуметтік көмегін ала бастаған.

Гүлжазира ЖҮНІСОВА, Шет ауданының тұрғыны:

-Жылда алмайтын АСП-ға ілігіп отырмын. 125 900 алдым осы жолы. Ені ай сайын алып отырасын деді. Рахмет, депутаттарға, ауыл басшыларына рахмет айтамын.

Мәселен,тегін дүкеннен   бір ғана  көп балалы отбасы  ай сайын  40 келі азық  түлік, киім – кешек алады. Парламент мәжілісінің депутаты  Майра Айсина игі басаманы қуана қолдады.

Майра АЙСИНА, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты:

-Бұл жақсы келтірілген нәрсе екен. Өздеріңіз білесіздер кәсіпкерлер қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Бірақ, олар кімге қалай көмектесіп жатыр? Онша біле қоймаймыз. Ал мына жерде бәрі ашық түрде.

«Халыққа көмек» , «Бақытты отбасы» жобалар аясында ашылған  осындай  дүкендердің санын Шеттегі басқа да елді мекендерде ашуды көзделіп отыр. Аудан басшысы бұл бастаманы өз міндетіне алған.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар