ТЕАТРДА ЖАҢА МАУСЫМ БАСТАЛДЫ

13:33, 3 қазан 2019

Қарағанды облысының С.Сейфуллин театры 88 ші театр маусымын ашты. Өнер ұжымының алдағы жылға джоспарлары жетерлік. Тетатр шымылдығын бірінші болып, жазушы, драматург Рахымжан Отарбаевтың «Фариза мен Мұқағали» лирикалық драмасымен ашты

Қойылым Мұқағали мен Фариза арасындағы   рухани шығарамашылық байланысты сабақтастырады.Спектакльде екі ақынның ортасында берік орнаған аға мен қарындастың  сыйластығыда көрініс табады.Ақиық ақынды қырық бес жасында ауыр дерті алқымнан алған сәттері де әсерлі эпизодтармен бейнеленеді. Қазақ театрылары арасында   әдебиет әлемінде  жаңалыққа айналған  туынды алғаш рет С.Сейфулин атындағы қазақ драма театры сахналады. 

Ахай ЖҰМАМҰРАТОВ, актер:

-Мұқағали Мақатаевтың рөлін сомдау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен ол кісінің жүрегінің нәзіктігін сезіндім.

88 театр маусымы жаңа бастамаларға толы болмақшы. Қазан айының соңында «Еңілік Кебек» пъессасы сахналанады. Одан кейін Дулат Исабековтың «Актриса» спектакельіне дайындықты бастайды. Балаларға да базарлық ретінде түрлі жанрдағы ертегілер қойылымдары әзірленбекші.

Сансызбай БЕКБОЛАТОВ, С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры:

-Биыл жаңадан 5 жас актер қатарымызға қосылып жатыр. Барлығы Алматы Астанадағы өнер ордаларының түлектері. Бүгінгі қойылымда олар өнер көрсетеді.

Тетар ұжымы көктемде Қызылорда мен Шымкерт қалаларына және Өзбекстанға гастролдік сапармен шықпақшы. Сонымен қатар бір халықапралық фестивалге қатысуды жоспарлап отыр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар