ТЕАТР ЖОБАСЫ

15:03, 11 ақпан 2019

Станиславский атындағы орыс драма театрында «Чтение в антракте» жаңа жобасы басталды

Акцияға Қарағанды облысының  ақындары қатысып,  өздері жазған өлеңдерін оқиды. Қарағандылық таланттардың өнер көрсетуі кеншілер қаласының 85 жылдығына орайластырылған.

 «Твой остров» студиясы ұйымдастырған шараға ақын, жазушы, музыканттар қатысты. Спектакль алдында көрермен қауым Вадим Ким, Татьяна Еремина, Юлия Кургузкина және Олег Русскихтердің авторлық шығармаларын тыңдады. Бұдан былай Станиславский театрына келген көрерменге талантты қарағандылықтардың шығармаларымен буклеттер беріледі.

Дунай ЕСПАЕВ, К.Станиславский атындағы театрдың директоры

- Сондықтан, менің ойымша, бұл біздің форматымызда өте қызықты жоба. Біз оны сүйікті қаламыздың мерейтойына арнауды шештік.

 «Твой остров» шығармашылық студиясы 2015 жылы құрылған. Үш жыл ішінде оның қатысушылары бірнеше әдеби, музыкалық кештер ұйымдастырды. «Қарағандының ақындары» үстел күнтізбелері мен құттықтау парақшаларын шығарды.

Роман ТЕН, «Твой остров»   студиясының қатысушысы

- Бала кезімнен бастап гитарада ойнап, ән жазам. Кейін өлең де шығаратын болдым.  2015 жылы «Твой остров» студиясының негізін қалаушылармен танысып, содан бері бірлесіп жұмыс істеудеміз.

 «Твой остров» шығармашылық студиясы 40-қа жуық белсенді, талантты қатысушылардың басын қосуда. Қазіргі уақытта олар көркем-әдеби журналды шығаруға дайындалуда.

Райхан САЙРАНБЕК

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
17:15, 19 сәуір 2019
ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар