ТЕАТР ТАРЛАНЫ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

16:10, 3 шілде 2020

Қарағанды өнерінің қара шаңырағы тағыда қайғыдан аза тұтып, қара жамылды.Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының қоюшы режиссері, белгілі актер Сламбек Жұмағали дүниеден озды.ҚР Мәдениет қайраткері, табиғатынан талантты сахна саңлағы, өнер ордасының өрлеуі мен руханияттың төрлеуіне табандап, талмай тер төкті

Көрнекті сахна саңлағы Сламбек Әйнекбайұлы, Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында өнегеліде, өрнекті із қалдырды.Біртуар актер киелі өнер ордасында қырық жылға табан аудармай, еселі еңбек етті.Театр тарланы, Абай, Қарабай, Оразбай және Жантық, Мырзақұл, Жарық, Яго, Әкім бейнелері сынды шоқтығы биік рөлдерді кәсіби шеберлікпен сомдады.Театр тарланы салмақты образдарды көрерменнің көңіл терезесімен айнасын шытанатып ойнайтын дейді,- әріптестері    

Бекмұхамбет КИІКБАЕВ, С. Сейфуллин атындағы  академиялық қазақ драма театрының әртісі:

-Ішкі жан дүниесі, энергетикасы бөлек азамат еді. Сахнаға шыққан кезде бәрін ұмытып кететін.  Жан-тәнімен беріліп ойнайтын бір азамат еді. Жатқан жері жайлы болсын.

Талғамы ерек азамат, актерлықпен қатар режисерлықтың тізгінін де тең ұстады. Өн бойына түрлі талант тоғысқан арынды актер Кеңес Жұмабековтың «Ата парызы, Әзілхан Нұршайықовтың  «Махаббат қызық мол жылдар»  және Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» Мұстай Кәрімнің  «Ай тұтылған түн» трагедиясын шынайы қалыпта  сахналады.

Рахат ҚОСЖАНОВ, С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі:

-Еңбегіне бекем азамат. Өзі әрі журанлист, әрі актер режиссерлық жұмыстары тамаша болды.  Салт-дәстүріміз ұмытылып барады деп жиі айтатын.

Өнері өмірімен өрілген өнегелі жан шығармашылық ұжымды тек ғана алға жетеледі.Соңынан ерген шәкірттерінің  бетінен қақпай, ағалық, ақылмандық бағыт сілтеді.Тәттімбет атындағы өнер колледжінде жас буынға сахна тілі мен театр тарихынан теңдессіз дәріс берді.Театр тарланы республикалық  байқауда Абай бейнесін сомдағаны үшін, күміс медальмен ұлықталған.Атақты актер Қарағанды облысы әкімі сыйлығының иегері.

Ұлт руханиятының қызғыш құсына айналған, мәдениет қайраткері соңында өшпес мұра, өлмес өнеге қалдырды. Демек тұлғалық тұғыры биік сұңғыла саңлақтың  ізгілік ізі мәңгілік, жарқын бейнесі ұрпақ пен ұлт жадында тұрар жаңғырып -дейді,марқұмның мектебін көріп, тәлімін терген әріптестері.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар