«ТАЗАЛЫҚ КУБОГЫ»

13:34, 19 қыркүйек 2019

Қарағандыда "Жасыл ел" ұландары өздерінің 15-ші маусымын ерекше қорытындылады. Қоршаған орта жанашырлары, оқушылар арасында "Тазалық кубогы" додасын ұйымдастырды

Тазалық мерекесіне айналған сайыс 100 -ге тарта мектеп оқушысының басын біріктірді. Жеткеншектер ортақ мақсат мүддесіне тер төгіп, кубок үшін сайысқа түсті. Турнирдің басты ерекшелігі - оқушылардың командалық рухын оятып, тазалыққа тағзым ету. Байқауда  топ атаулары мен ұрандарына әділ - қазылар алқасы ерекше мән берді.  

Сұлтан ШАЙМАҒАНБЕТ, облыстық "Жасыл Ел" штабының жетекшісі:

-Бұл шара оқушылардың арасында экологияға деген сүйіспеншілігін,табиғатқа деген жауапкершілін арттыруға насихаттау жөнінде өткізіліп отыр. Әр жыл сайын өткізіледі.

Бұдан бөлек білім алушылар арасында викторина да өткізілді.Онда жас ізденімпаздар экологиялық кодексті қамтыған салмақты сауалдарды бағындырды. Соның ішінде байқауға қатысушылар жасыл экономика сұрақтарына тыңғылықты  жауап берді.   

Ерсұлтан САПАР, сайыс қатысушысы:

- Көптеген жұмыстар жасаймыз. Мысалы,  айтар болсақ, қоқыс жәшігіне заттарды салып, әр сенбі сайын бір - бірімізге көмектесе жүреміз. Әрқашан бір - бірімізге қолдау көрсетеміз. Табиғатты аялау біздің басты парызымыз деп ойлаймыз.

Сайыстың үшінші, әрі жауапты кезеңінде оқушылар аумақты қоқыстан тазарту арқылы сынға түсті. Мұнда әділ – қазылар алқасы командалардың жинаған қоқыс көлеміне қарай баға берді.  

Зейнеп, сайыс қатысушысы:

-Біз бұл жерге бірінші рет қатысудамыз. Таза болғаны өзімізге де жақсы. Өзімізге де ыңғайлы, табиғатқа да пайдалы. Оны қорғап, аялап жүре берейік.

Турнир қорытындысы бойынша №93 гимназия оқушылары қарсыластарынан алға суырылып, көш бастады. «Табиғат достары» командасына кубок пен мақтау қағаздары табысталып, бағалы сыйлықтар берілді.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар